Александр Павлович Чекалин(25.03.1925, Тула облысы., Черепеть ( қазіргі Суворов) ауданы., Песковатское селосы.,-06.11.1941, Тула облысы Лихвин қаласы ( қазіргі Чекалин) - Ұлы Отан соғысында (1941-1945) партизан қозғалысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры (04.02.1942).1939 жылдан ВЛКСМ мүшесі. 1941 ж. шілдеде Лихвин қаласында өз еркімен шабуылдаушы отрядқа, кейін әкесімен бірге «Передовой» партизан отрядына кіреді. Барлаушы болған. Сатқынның көрсетуімен неміс фашистері тұтқынға алып, Лихвин қаласының бір алаңында дарға асылып өлтірді. 1958 жылдың 2 қарашасында оның зиратына ескерткіш қойылды.
Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 101 бет
Санат: 1925 жылы туғандар Санат: 1941 жылы қайтыс болғандар