Қарашық, Хантағы – Сырдария алабындағы өзен.
Географиялық орны Түркістан облысының Кентау қалалық әкімдігі аумағымен ағады. Ұзындығы 102 км, су жиналатын алабы 1210 км2.
Бастауы Ораңғай аулы тұсында Байылдыр және Хантағы өзендері қосылған жерден басталып, Текекөл көліне құяды.
Гидрологиясы Аңғары жоғарғы бөлігінде тар шатқалды, төменгі бөлігінде жайпақтанып кеңейе түседі. Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көп жылдық орташа су ағымы Хантағы кенті тұсында 1,72 м3/с. Өзен бойына 1982 жылы Қосқорған бөгені салынған. Суы егін, бау-баша суаруға пайдаланылады.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Кентау қалалық әкімдігі өзендері Санат:Сырдария су алабы