Бауыржан Жексенбекұлы Хамимолда (1952 жылы туған, Алматы облысы, Ақсу ауданы, Матай станциясы) — кеңестік және қазақстандық ғалым, техника ғылымдарының докторы (2001), профессор (2003).
Өмірбаяны Қазақ политехникалық институтын (1975, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Қарағанды политехникалық институтының аспирантурасын (1984) бітірген. Қарағанды металлургия комбинатында цех бастығы (1975–1977) Қарағанды мемлекеттік университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор (1977–2002) болған. 2002 жылдан оқу және тәрбие ісі жөніндегі проректор қызметін атқарады.
Ғылыми еңбектері
2000 жылы «Повышение полноты и эффективности разработки наклонных и пологих рудных залежей» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 70-тен астам ғылыми жарияланым мен 3 монографияның авторы.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:1952 жылы туғандар Санат:Ақсу ауданында туғандар Санат:Қазақстан инженерлері Санат:Техника ғылымдарының докторлары Санат:Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің профессорлары