Джейн Минс Эплтон Пирс (; 12 наурыз 1806 – 2 желтоқсан 1863) – Америка Құрама Штаттарының 14-ші президенті Франклин Пирстің жұбайы және 1853-1857 жылдары аралығында АҚШ-тың Бірінші ханымы.

Өмірбаяны солға|нобай|236x236 нүкте|Джейн Пирс Джейн Хэмптон, Нью-Гэмпширде қасиетті Джесси Эплтон, конгреционалдық дін қызметшісі және Боудойн колледжінің вице-президенті мен Элизабет Минс-Эплтонның отбасында дүниеге келген. Балалық шағында Джейн кішкентай, ұялшаң және нәзік бала болған. Әкесінің қазасынан кейін анасымен бірге Эмхерст, Нью-Гэмпширге көшеді.

Джейн Эплтон және Франклин Пирс қандай жағдайда кездескені белгісіз. 1834 жылы 19 қарашада отыз жасар Пирс жиырма сегіз жасар Джейнге үйленеді. Неке рәсімі қалыңдықтың Эмхерстегі анасының үйінде өтті. Олардың некесін қасиетті Сайлас Айкен қиды. Бал айын жас жұбайлар Софи пансионында, Вашингтонның маңында өткізді. 

Америка Құрама Штаттарының Бірінші ханымы 1852 жылы Пирс Демократиялық партиянын атынан президентікке үміткер атанды. Бұл жаңалықтан Джейн есінен танып қалған. Франклин Ньюпортқа аттанған кезде, оның он бір жасар ұлы Бенджамин анасына былай жазған: «Мен оның сайланбайтынына үміттенемін, себебі мен Вашингтонда тұрғым келмейді. Сіз де осында ойдасыз деп ойлаймын». Алайда сайланған президент Дженниге жаңа офис пайдалы болар деген ойда болды.

Джейн күйеуінің президенттікке сайлануына қарсы болды. Олардың ұлы Бенджамин темір жол апатында қайтыс болған кезде, Пирс бұны Құдайдың жұбайының саяси менмендігіне наразылығы деп ұқты. Баласының қазасынан кейін оны мұң басты және ол міндеттерінен алыстап кетті. Ол бұл қайғыдан өмірінің соңына дейін арыла алмады. Его жыл Джейн Ақ үйдің тұрғын бөлмелерінде тұрып, өмірден озған ұлына ментименталды хаттар жазумен айналысты. Бірінші ханымның міндеттерін Дженни Пирс ханым өзінің тәтесіне Эбби Кент-Минске тапсырды. Бірінші ханым ретінде миссис Пирс Жаңа жылға арналған кеште шықты. Алда ол жарыққа үзілістермен шықты. Әр Жаңа жыл сайын Ақ үйде шыршаның қойылуына Джейн себепші болды деп есептелінеді. 

Өлім Пирс туберкулезден (әкесі сияқты) Эндовердте, Массачусестсте 1863 жылы 2 желтоқсанда қайтыс болды. Ол Конкорд, Нью-Гэмпширде орналасқан Олд-Норт мазарында көмілген. 1869 жылы оның күйеуі оның қасында көмілді. 

Сыртқы сілтемелер Jane Pierce (American first lady)  New Hampshire Historical Society - HISTORICAL NEW HAMPSHIRE Jane Pierce First Spouse Gold Coins IPL website Jane Pierce Biography :: National First Ladies' Library NationMaster — Encyclopedia: Jane Pierce Letter to Benjamin Pierce from Jane Pierce after Benjamin's death Find A Grave listing of Jane Pierce Modern representationalism Painting of Jane Pierce