Франсиско Алькасер Гарсия</span> (исп. Francisco Alcácer García; 30 тамыз 1993 жылы туылды, Торренте, Валенсия), Пако Алькасер ретінде белгілі (исп. Paco Alcácer) — испан футболшысы, "Вильярреал" футбол клубының және Испания құрамасының шабуылшысы.

Клубтық мансабы Пако Алькасер "Валенсия" футбол клубының тәрбиеленушісі, "Лос Че" сатындағы тұнғыш ресми ойынын 11 қараша 2010 жылы Испания Кубогында, «Логроньеске» қарсы өткізді.

"Испания чемпионатында  «Реал Сосьедадқа» қарсы 2012 жылы 14 қаңтарда дебютті ойынын өткізді. «Реал Сосьедадқа» қарсы ойынында 71-ші минутта жарақат алған Софиана Фегулиның орнына алаңға шықты. Ойын 1:0 есебімен Валенсияның жеңілісімен аяқталды.

2012/2013 жылғы маусымда, Примерада ойын тәжірибесін жинау үшін "Хетафе" клубына жалға берілді. Паконың мадридтік командада дебюті "Депортивоға" қарсы өтті, ол сол ойында екінші таймда шығып, 20 минут ойнады. Ойын 1:1 есебімен аяқталды. Примерадағы алғашқы голын 2013 жылы 7 қантарда "Райо Вальекано" клубына қарсы салды,  ал сол ойын 1:3 есебімен аяқталды. 

2013/2014 жылғы маусымды Алькасер туған клубында бастады. Пако өзінің бірінші голын, Еуропа Лигасында краснодарлық "Кубаньға" қарсы шығу матчында, салды.

Ендігі маусымның басында шабуылшы алғашқы 5 ойында 4 гол соғып, Испания ұлттық құрамасына шақыруды алды және сол жерде 3 алғашқы ойында 3 гол соқты. 2015 жылы қаңтарда клубпен келісімшартты 2020 жылға дейін созды. 

2015/2016 маусымы "Валесния" үшін сәтсіз аяқталды, бірақтан Алькасер елдің чемпионатында 13 гол соқты және 7 голға доп шығаруын бере алды, бірақ, өкінішке орай, Еуро-2016-ға Испания ұлттық құрамасына шақырылмады.

2016 жылы 30 тамызда шабуылшы каталондық "Барселонаға" €30 млн өтті.

"Местальедегі" қайғылы оқиға 2011 жылы 12 тамызда "Валенсия" "Апельсинді Кубокта" (исп. Trofeo Naranja) итальяндық "Ромаға" қарсы ойнады. "Валенсия" ол ойында 3:0 есебімен жеңіп шықты, ал соңғы голды Пако Алькасер соқты. Бірақ, клубтың жеңісі жас футболшы үшін отбасылық қайғыға ауысты: ойында жанкүйер ретінде болған Паконың 44-жасты әкесі өзін жаман сезді, дәрігерлердің барлық жасағанына қарамастан, ол ұстамалы жүрек ауруынан қайтыс болды. Клубтың басқармасы және Паконың әріптестері Пакоға көңілдерін айтып, моральдық тұрғыдан көмек көрсетті.

Ұлттық құрамадағы мансабы Пако Алькасер Испанияның барлық жастағы жасөсіпірімдік ұлттық құрамасының ойындарына қатыстырылды. Ол үшін ең сәтті ұлттық құрамадағы ойындар 17 жасқа дейінгі құрамада өтті, 13 ойында жас шабуылшы 15 гол соғып, команданың Еуропа чемпионатында күмісті жеңуге үлкен үлес қосты. Дәл осы финалды Еуропа чемпионатынан соң, Пако бірнеше көшбасшы еуропалық клубтарының назарын аударды. 2011 жылы 19 жылға дейінгі жасөспірімдік ұлттық құрамасымен, "Валенсияның" форварды, өз мансабындағы ең үлкен жетістікке тап болды, ол Еуропа Чемпионатын жеңді. Шешуші ойында Алькасер Чехия ұлттық құрамасына қарсы 2 гол соқты және соның біреуі жеңуші гол болып шықты. 

Жетістіктері «Барселона»

Испания чемпионы: 2017/18 Испания кубогы (2): 2016/17, 2017/18

«Боруссия» (Дортмунд)

Германия суперкубогы: 2019

Статистикасы

Клубтық 10 қыркүйек 2016 жылғы

Ұлттық құрамадағы ойындары Алькасердің Испания ұлттық құрамасы үшін ойындары№ДатасыОппонентіЕсепГолдарЖарыстар12014 4 қыркүйек0:1—Жолдастық кездесу22014 8 қыркүйек 5:11ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар32014 9 қазан 1:21ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар42014 12 қазан 4:01ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар52014 15 қараша 3:0—ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар62015 11 маусым 2:11ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар72015 5 қыркүйек 2:0—ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар82015 8 қазан 1:0—ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар92015 9 қазан 4:02ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар102015 12 қазан 1:0—ЕЧ-2016 іріктеуші ойындар112015 13 қараша 2:0—Жолдастық кездесу122016 24 наурыз1:1— Жолдастық кездесу132016 27 наурыз 0:0— Жолдастық кездесу Барлығы: 13 ойындар / 6 гол; 9 жеңіс, 2 тең ойын, 2 жеңіліс.

Жетістіктері Испания ұлттық құрамасы (17 жасқа дейін) Еуропа чемпионатының Күміс жүлдегері: 2010

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль BDFutbol.com (ағыл.) Профиль сайтында soccerway.com (ағыл.) Профиль сайтында transfermarkt.com (ағыл.) Бет сайтында CiberChe (исп.)

Санат:Испания футболшылары Санат:Испания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Валенсия ФК ойыншылары Санат:Хетафе ФК ойыншылары Санат:Боруссия Дортмунд ФК ойыншылары Санат:Вильярреал ФК ойыншылары