Абай Ахметғалиұлы Айтмұхамбетов (5 желтоқсан 1943 жылы, Бурабай кенті, Бурабай ауданы, Ақмола облысы — 28 наурыз 2018 жылы, Қостанай) — қазақстандық ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы (1998), профессор (2001).Айтмұхамбетов Абай Ахметғалиұлы //СЫР ЕЛІ. Энциклопедия. – Алматы: «Тау–Қайнар» ЖШС, 2024.– 93-94 бб.
1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.
1969–1987 жылдары Қостанай педагогикалық институтында оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі және факультет деканы қызметтерін атқарған. 1987–1991 жылдары Қызылорда педагогикалық институтының ректоры болған.https://korkyt.edu.kz/page/13
1991–1996 жылдары Көкшетау педагогикалық институтының, 1996–2007 жылдары Көкшетау университетінің ректоры қызметін атқарған.https://shokan.edu.kz/kk/about/ 2008 жылдан бастап Қостанай өңірлік университетінде профессор болған.
Ғылыми қызметі Негізгі ғылыми еңбектері ғарыштық бөлшектерді зерттеу және оқытудың жаңа технологияларын енгізу мәселелеріне арналған. 150-ден астам ғылыми еңбектің, оның ішінде үш монография мен екі оқу құралының авторы.
Марапаттары «Құрмет» ордені (2016)
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Санат:Физика-математика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар Санат:Педагогтар Санат:Қазақстан педагогтары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері