нобай|орта|1200px|Ілбішін ауылына қош келдіңіздер!
Ілбішін — Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданындағы ауыл, Ақжол ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Чапаев ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 45 км-дей жерде, Жайық өзенінің оң жағалық аңғарында орналасқан.
Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 1603 адам (818 ер адам және 785 әйел адам) болса, 2009 жылы 1525 адамды (764 ер адам және 761 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 1356 адамды (677 ер адам және 679 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары
Тарихы Іргесі 1931 жылы ауыл шаруашылығын ұйымдастыру кезінде қаланған. 1961-1992 жылдар аралығында өзімен аттас асыл тұқымды ет зауыты кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1992 жылы шаруа қожалықтары құрылды. Ауыл арқылы Орал – Атырау автомобиль жолы өтеді.
Ауыл көшелері А.Әйтиев көшесі Ақжол (Құлышев) көшесі Алтын орда (Минаева) көшесі Ә.Молдағұлова көшесі Б.Момышұлы көшесі Бейбітшілік көшесі Д.Қонаев көшесі Далалық бұрылыс көшесі М.Мәметова көшесі Мұнайшы көшесі Нарын (Қабдешұлы) көшесі О.Исаев көшесі С.Датұлы көшесі С.Сейфуллин көшесі Ш.Уәлиханов көшесі
Дереккөздер
Сыртқы сілтемелер Ақжол ауылдық округі
Санат:Ақжайық ауданы елді мекендері