Гүлнәр Тілеуханқызы Хауадамова (1950 жылы туған) – медицина ғылымдарының докторы (1992).

Өмірбаяны Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (1973, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) бітірген.

Қарағанды (1973–1975) және Алматы (1975–1976) қалаларындағы туберкулез диспансерінде дәрігер

КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің ғылыми-зерттеу институтында ординатор (1976–1978), аспирант (1978–1981)

Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында кіші, жетекші ғылыми қызметкер (1981–1983, 1985–1994)

Қазақ КСР-і Денсаулық сақтау министрлігінің емдеу басқармасы бастығының орынбасары (1984–1985)

Халықаралық қазақ-түрік университетінде кафедра меңгерушісі (1994–1995) болды.

1995 жылдан Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.

Ғылыми еңбектері

«Впервые выявленный туберкулез органов дыхания на территории с высокой его распространенностью» тақырыбында докторлық дисскртация қорғады.

80-нен астам ғылыми жарияланымның авторы.Қазақ ұлттық энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:1950 жылы туғандар Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Медицина ғылымдарының докторлары Санат:Қарағанды медицина университеті түлектері