Ерғали Мұхитдинов (1.7.1950 жылы туған, Ордабасы ауданы Қарааспан кеңшары, Жамбыл бөлімшесі) – Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1984), профессор (2001).
Өмірбаяны Қазақ мемлекеттік дене тәрбиесі институтын бітірген (1978). 1978–96 жылы институтта аға оқытушы. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі. 1996 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің кафедра меңгерушісі. 2005 жылдан Көлік және коммуникация академиясының дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі.
Қоғамдық қызметі ҚР қазақша күрес федерациясының төрағасы, президенті (1981–96).
Шығармашылығы 30 ғылыми еңбегі жарияланған, 7 оқу құралы шыққан.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:1 шілдеде туғандар Санат:1950 жылы туғандар Санат:Ордабасы ауданында туғандар Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген жаттықтырушылары Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы түлектері Санат:Қазақ спорт және туризм академиясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университеті оқытушылары Санат:Көлік және коммуникация академиясы оқытушылары Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары