Ренн () — Франциядағы кәсіпқой футбол клубы. Ренн қаласынан. Өз алаңындағы ойындарын Ренн қаласындағы "Роазон Парк" стадионында өткізеді.

Тарихы Клубты 1901 жылы Ренн университетінің студенттері құрды. 1922 жылы кубок ойындарының финалына шықты. 1932 жылы Франция кәсіпқой лигасының бірінші маусымына қатысты.

Тұңғыш жетістігі ретінде 1965 жылғы Франция кубогын айтуға болады. "Сошо" клубын финалда екі ойынның қорытындысында (3:1, 2:2) ұтып, кубок жеңімпазы атанды.

2008 жылы Интертото кубогының ең соңғы маусымында жеңіске жеткен 11 клубтың бірі болды.

Клубта әр жылдары Бернар Лама, Жослен Англома, Шабани Нонда, Петр Чех, Стефан Гиварш секілді атақты футболшылар ойнады.

Жетістіктері

Франция кубогы: 1965, 1971 Франция кубогының финалисі: 1922, 1935, 2009, 2014 Франция лигасы кубогының финалисі: 2013 Екінші дивизион жеңімпазы: 1956, 1983 Интертото кубогы: 2008

Соңғы 10 жылдағы бапкерлері

Ги Лякомб: 2007—2009 Фредерик Антонетти 2009—2013 Филипп Монтанье 2013—2016 Роллан Курбис: 2016 Кристиан Гуркюфф: 2016—2017 Сабри Лямуши: 2017—

Дереккөздер

Сілтемелер Ресми сайт Бейресми сайт Ресми сайт Рейтинг (FootballTop.ru)

Санат:Франция футбол клубтары Санат:Интертото кубогының жеңімпаз клубтары