Шексіздікті таныған адам (ағыл. The Man Who Knew Infinity) — Роберто Канигельдің осы аттас романының желісімен 2015 жылы түсірілген биографиялық драма фильмі. Фильмде үндістандық математик Сриниваса Раманужанның (1887–1920) өмірі баяндалады.
Тұсаукесері Әлемдік тұсаукесері 2015 жылы Торонтодағы халықаралық кинофестивальде өтті. Сондай-ақ Цюрихтегі, Дубайдағы халықаралық фестивальдерде де көрсетілді.
Сюжеті Сценариі өмірде нақты болған оқиғаларды арқау еткен. ХХ ғасырдың басында Раманужан Мадрас қаласында қара жұмыспен айналысып, кедейліктің азабын әбден тартады. Онымен бірге жұмыс істеп жүргендер оның бойындағы ерекше дарынды сол кезде-ақ байқайды. Математикаға ерекше жүйрік болғандықтан, есепші қызметіндегілерге орасан зор көмегі тиеді.
Құр жүрмей көптеген формулалар мен теоремаларды ойлап табады. Онысын хат ретінде түрлі білім беру орындарына жолдайды. Ол әрекеті ескерусіз қалмай, Кембридж университетінің профессоры Хардиден шақырту алып, Англияға кетеді.
Англияда Хардимен бірігіп жұмыс жасап, бірнеше жаңалықтар ашады. Өмірінің соңғы жағында туберкулез ауруына шалдығады да, 1920 жылы еліне келген соң 32 жасында науқастан қайтыс болады.
Рольдерде
Дев Патель — Сриниваса Раманужан Джереми Айронс — Г. Х. Харди Девика Бисе — Джанаки Тоби Джонс — Джон Идензор Литлвуд Стивен Фрай — Френсис Спринг Джереми Нортэм — Бертран Рассел Кевин Макнелли — майор Макмэхон Энцо Чиленти — дәрігер Арундатхи Наг — Раманужанның анасы Дхритиман Чаттерджи — Нараяны Айер Шазад Латиф — Прасанта Чандра Махаланобис
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Ұлыбритания драма-фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер