Френсис Генри Скрайн (1847–1933) — ағылшын тарихшысы. 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың бас кезіндегі Ресейдің Орта Азияны жаулап алу тарихын зерттеумен айналысқан. Оның еңбектерінде Түркістан халықтарының азаттық қозғалысы мәселесіне де ерекше мән берілген. Скрайн Френсис патшалық Ресейдің басқыншылық саясаты Түркістанның жағдайын құлдыратып жібергенін сол тұстағы нақтылы мәліметтермен негіздеп, орыстардың Азияға өркениет жетістігін алып келгендігін теріске шығарады.Қазақ Энциклопедиясы, 7 том Әдебиет Ресейдің ұлғаюы 1815–1900 ж. Лондон, 1903 ж. ()
Дереккөздер
Санат:Англия тарихшылары Санат:туған жылы белгісіздер Санат:Қайтыс болған жылы белгісіздер