Виктор Николаевич Карачун (3 қазан 1959, Минск – 28 қазан 2017, Смоленск) — кеңестік және ресейлік футболшы.

Карьерасы Минскінің "Динамо" клубының түлегі. 1981 жылы Брестің "Динамосына" ауысты да, 1983 жылы Қазақ КСР-іне келіп, "Целиникте" доп тепті.

1986 жылы Алматының "Қайратына" шақырылып, екі жыл негізгі құрамда ойнады. 1988 жылы КСРО Федерациялары кубогының иегері атанды да, сол жылы көпшілікті таңғалдырып, КСРО чемпионатының екінші лигасындағы Ворошиловградтың "Заря" клубына ауысты.

Кейін Мажарстан, Беларусь, Ресей клубтарында доп теуіп, футболмен қоштасқан соң бапкерлікпен айналысты.

1988 жылы "КСРО спорт шебері" атанды.

Ардагерлер матчына көп қатысты. КСРО футбол ардагерлері құрамасында да ойнады. 2017 жылы 28 қазанда өмірден өтті.

Жетістіктері

Командалық

КСРО Футбол федерациялары кубогы: 1988

Сілтемелер footballfacts.ru Профил3 «Қош бол, Виктор-мотоциклист…»

Санат:3 қазанда туғандар Санат:28 қазанда қайтыс болғандар Санат:Динамо Минск ФК ойыншылары Санат:Жеңіс ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:КСРО футболшылары Санат:Ресей футболшылары Санат:Ресей футбол жаттықтырушылары