+ <small> Орта Азия дербиіМемлекеттер КСРО Қазақстан ӨзбекстанҚарсыластарҚайрат Пахтакор Стадиондар"Орталық""Пахтакор"
Орта Азия дербиі — Кеңес дәуірі кезіндегі Ташкенттің "Пахтакор" клубы мен Алматының "Қайрат" футбол командаларының арасындағы КСРО чемпионаттарындағы матчтар осындай сипат алған. Тарихы Қазақ және өзбек футболының арасындағы ымырасыз бәсекелестік ертеден бар. КСРО чемпионаттарында Алматының "Қайраты" мен Ташкенттің "Пахтакоры" өзара кездескенде стадионда ине-шаншар орын болмайтын. Екі клубтың кездесуі "Орта Азия дербиі" деген сипатқа ие болды, ол кездесулерді қазақ және өзбек футбол жанкүйерлері ғана емес, бүкіл одақтың футбол көрермендері ерекше ықыласпен тамашалайтын еді.
Мұндай ойындарда екі жаққа да жеңіс ауадай қажет, тіпті жеңіске жете қалса маусым соңында төменгі лигаға түсіп кетсе де кешірілетін.
Клубтар арасындағы статистика
КСРО Чемпионаттары мен КСРО кубогында ҚайратПахтакорМатчтар5050Жеңіс2118Тең ойындар1111Голдар6661Ірі жеңістер6:2, 4:04:1, 3:0Нәтижелі матчтар6:22:6Нәтижелі тең ойындар3:33:3Ұпайлар5347
КСРО чемпионатының жоғары тобында ҚайратПахтакорМатчтар3434Жеңіс1212Тең ойындар1010Голдар4242Ірі жеңістер6:24:1, 3:0Нәтижелі матчтар6:22:6Нәтижелі тең ойындар1:11:1Ұпайлар3434
Тәуелсіздік жылдары Кейін одақ тарады да, "Қайрат" пен "Пахтакор" кездеспей қойды. Есесіне екі елдің ұлттық құрамалары бір-бірімен нағыз бәсекелес атануы керек еді. Бірақ Қазақстан 2002 жылы УЕФА-ға өтті де, Өзбекстан АФК-да қалып, екі құраманың жолы екі айрылды. 2023 жылға дейін қос құрама тек жеті рет қана ойнады. Ол ойындарда анау айтқан ажиотаж орын ала қоймады, себебі 90-жылдары екі елде де футболды насихаттау дерлік болған жоқ. Көзі қарақты жанкүйерлер болмаса, қалған жұртшылық ол кездесулердің тарихынан мүлдем хабарсыз болатын.
Сол алты ойынның үшеуінде Өзбекстан, біреуінде Қазақстан жеңіске жетті. Үш кездесу тең аяқталды. Ұлттық құрамалар статистикасы ҚазақстанӨзбекстанМатчтар77Жеңіс13Тең ойындар33Голдар410Ірі жеңістер4:0Нәтижелі матчтар0:44:0Ұпайлар612 Қазақстан және Өзбекстан құрамаларының кездесулері Орта Азия кубогы
Өзбекстан Тәуелсіздігі кубогы
ӘЧ-1998 іріктеуі. Азия. ІІ кезең
Алма.ТВ кубогы
Жолдастық ойын
Санат:Қазақстандағы футбол Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасы Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы Санат:Қайрат ФК Санат:Пахтакор ФК Санат:Өзбекстандағы футбол