Бертранд (Берт) Артур Пэтноудтегі түрліше жазылады: Пэйтноуд, Пейтноуд, Патенод, Патенауд и даже Пейтенауд. (, ; 4 қараша 1909 жыл, Фолл-Ривер, Массачусетс штаты — АҚШ футболшысы, жартылай қорғаушы. Әлем чемпионаттарындағы тұңғыш хет-триктің авторы.

1930 жылғы әлем чемпионатына қатысып, АҚШ құрамасының төрт кездесудің үшеуінде алаңға шықты. Алғашқы турда Бельгия құрамасының қақпасына бір гол соқты. Екінші турда Парагвайдың қақпасына үш гол соқты. Бұл, жоғарыда айтқанымыздай, әлем чемпионаттары тарихындағы тұңғыш хет-трик болатын.

Әлем чемпионатынан соң сол жылы 17 тамыз күні Бразилиямен жолдастық кездесуде екі гол соқты (бірақ АҚШ 3:4 есебімен ұтылып қалды). Бұл құрамадағы соңғы матчы болатын.

Жетістіктері

Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1930

Дереккөздер

Сілтемелер Биографиясы (national.soccerhall.org) Профилі (worldfootball.net)

Санат:АҚШ футболшылары Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары