Андреас Кёпке (; 12 наурыз 1962 жылhttps://www.transfermarkt.de/andreas-kopke/profil/spieler/1445, Киль, ГФР) — германиялық футболшы, қақпашы, 1990 жылғы әлем чемпионы, 1994 жылғы Еуропа чемпионы.
Карьерасы Карьерасын 1979 жылы туған қаласындағы "Хольштайн" клубында бастады. 1983/84 жылғы маусымды "Шарлоттенбург" клубында өткізді. Германия чемпионатында 38 рет алаңға шығып, 62 гол жіберді.
1984 жылы Батыс Берлиннің "Герта" клубына ауысты.
1986 жылы карьерасындағы ұзағырақ ойнаған клубына — "Нюрнбергке" өтті. Бұл клубта сегіз жыл бойы қақпа қорғады. Ұлттық құрамаға да "Нюрнбергте" жүріп шақырту алды. Кейін 2001 жылы карьерасын осы клуб сапында аяқтады.
1990 жылғы әлем чемпионатына барғанымен, негізгі құрамдағы орын Бодо Иллгнерден босамады. Есесіне Андреас та әлем чемпионы атанды.
1996 жылғы Еуропа чемпионатында негізгі қақпашы ретінде ойнады. Германия құрамасы турнирде чемпион атанды да, Андреас жылдың үздік қақпашысы номинациясына ие болды.
1998 жылғы әлем чемпионатынан соң құрамадағы карьерасына нүкте қойды.
Жетістіктері
Халықаралық
Әлем чемпионы: 1990 Еуропа чемпионы: 1996 Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері: 1992
Жеке
Германияның үздік футболшысы: 1993 Еуропа чемпионатының үздік қақпашысы: 1996
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Германия футболшылары Санат:Германия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Герта Берлин ФК ойыншылары Санат:Нюрнберг ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Германия футбол жаттықтырушылары