Берік Насымқұлұлы Шайықов (; 20 ақпан 1994https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/316999, Талдықорған, Қазақстан) — қазақ футболшысы, қорғаушы.
Карьерасы Талдықорған футболының түлегі. 2009 жылы қазақстандың бірнеше баламен бірге "Оле Бразил" (Бразилия) футбол академиясына аттанып, 2011 жылы оралды. Оралған соң 2012 жылы кәсіпқой карьерасын "Астана-1964" клубында бастады.
2013 жылғы маусымды "Бәйтеректе", 2014 жылғы маусымды "Жетісуда" арендада өткізді.
2014 жылдың соңында "Астана -1964" клубы тарады да, Берік тағы бір елордалық клуб — "Астанаға" ауысты.
2015 жылы "Ертіске", 2016 жылы "Жетісуға", 2017 жылы "Оқжетпеске" жалға берілді. 2017 жылдың ортасында "Астанаға оралды. 2018 жылы "Оқжетпесте" ойнап, 2019 жылы "Шахтерға" ауысты.
Жетістіктері
Қазақстан чемпионы: 2017
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі (footballfacts.ru)
Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Бәйтерек ФК ойыншылары Санат:Жетісу ФК ойыншылары Санат:Астана ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Ақжайық ФК ойыншылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Қызылжар ФК ойыншылары Санат:Тараз ФК ойыншылары Санат:Елім-ай-2022 ФК ойыншылары