Луна-1 — Айды және ғарыштық кеңістікті зерттеуге арналған кеңестік планета аралық автомат станция.
Бұл станция (зымыранның соңғы сатысымен бірге) екінші космостық жылдамдықты бағындырып, Жердің өзіне тарту аймағын артта қалдырған әлемдегі тұңғыш ғарыш аппараты болды.
1959 жылдың 2 қаңтарында Луна-1 Байқоңырдан ұшырылды, бірақ мақсатына жетпеді. 4 қаңтарда ол Айдан 6000 шақырым қашықтықта өтіп, гелиоцентрлік орбитаға көшті, яғни Күннің серігіне айналды. Дегенмен, аппарат Айда елеулі магнит өрісінің жоғын анықтап алды.
Қазір Луна-1 Жер мен Марс арасындағы орбитамен Күнді айналуда.NASA Space Science Data Coordinated Archive
Бортындағы ғылыми құрылғылар: магнитометр, Гейгер санауышы, сцинтилляциялық санауыш, микрометеориттер анықтағышы.
Галерея
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Ғарыш станциялары Санат:Ғарыш техникасы