thumb|200px Төрелік сот – кәсіпкерлік қызмет, мүліктік қатынастар барысында немесе басқару аясында туындайтын дауларды шешу үшін құрылатын орган. АҚШ-та, Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде төрелік соттар жүйесі жұмыс істейді. Ресейде де төрелік соттар өз алдына бір жүйені құрайды. Ресей Федерациясы Жоғарғы төрелік сотты осы жүйеге басшылық жасайды. Оның төрағасы мен судьяларын Ресей Президентінің ұсынуымен Федерация Кеңесі тағайындайды. Төрелік соттар жүйесі экономикалық істерді қарап, түбегейлі шешім шығарады. Мұндай дауларды Қазақстанның сот жүйесінде экономикалық соттар қарайды. Экономикалық соттарды Қазақстан Республикасының Президенті құрады. Олар Жоғарғы соттың басшылығымен жұмыс істейді.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Сілтеме
Санат:Саяси құрылымдар