Қостанай округі — 1925-1930 жылдары болған Қазақ АСКР-інің әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Тарихы Қостанай округі 1925 жылы 14 қыркүйекте Қазақ АКСР-не тікелей бағынышты Қостанай уезінің болыстарынан құрылды. Округ болыстарға бөлінді.

1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-інде округтік бөліністің енгізілуіне байланысты Қостанай округінің шекаралары өзгертілді: Ақмола губерниясының бұрынғы Ақмола уезінің бір бөлігі округке берілді. Округ 15 ауданға бөлінді:

Аманқарағай ауданы. Орталығы — Семиозёрный ауылы. Батпаққара ауданы. Орталығы — Батпаққара мекені. Боровской ауданы. Орталығы — Боровской ауылы. Викторов ауданы. Орталығы — Ново-Ильинский ауылы. Денисов ауданы. Орталығы — Денисовский ауылы. Жітіқара ауданы. Орталығы — Жайылма мекені. Затобыл ауданы. Орталығы — Қостанай қаласы. Қайыңдықұмақ ауданы. Орталығы — Адамовский ауылы. Қарабалық ауданы. Орталығы — Тастыөзек мекені. Меңдіқара ауданы. Орталығы — Уразовский ауылы. Науырзым ауданы. Орталығы — Қайғықарасу мекені. Торғай ауданы. Орталығы — Торғай қаласы (кейіннен ауыл). Обаған ауданы. Орталығы — Қараоба мекені. Урицкий ауданы. Орталығы — Урицкий ауылы. Фёдоров ауданы. Орталығы — Фёдоровский ауылы.

1930 жылы 17 желтоқсанда Қазақ АКСР-інің барлық басқа округтары сияқты округ таратылып, оның аудандары ірілендіріліп, республикалық билікке тікелей бағынуға берілді.

Тұрғындары Халық тығыздығы 1928 жылы 1 км²-ге 1,9 адамды құрады. Ең көп қоныстанған - Федоров және Боров аудандары (1 км²-ге 12,3 және 13,3 адам)

1926 жылғы санақ бойынша халықтың ұлттық құрамында келесі халықтар басым болды: украиндар — 41,3 % қазақтар — 31,7 % орыстар — 21,2 % немістер — 2,8 % татарлар — 1,2 %

1926 жылғы санақ бойынша сауатты халық 27,7% -ды құрады:

округ бойыншақазақтарорыстарукраиндарқалаЕркектер39.1 %22.5 %48.7 %46.8 %58.9 %Әйелдер16.3 %2.4 %26.7 %18.8 %41.4 %Барлығы27.7 %13 %37.1 %32.5 %49.8 %

Әдебиет

Дереккөздер

Санат:Қазақ АКСР округтары Санат:Қазақстан тарихи облыстары Санат:Қостанай облысы тарихы