Теңіз уезі — 1922-1925 жылдары болған Қырғыз АКСР Бөкей губерниясының әкімшілік-аумақтық бірлігі.

Орталығы Ганюшкино ауылы болған Теңіз уезі 1922 жылы 6 мамырда жойылған І және ІІ Теңіз маңы уездерінің (округтерінің) аумағында құрылды. Бастапқыда уезде 15 көшпелі болыстар болды:

Ақтөбе Бастау Ганюшкин Жиделі Көкарна Құрқұба Майлы Манас Мыңтөбе Николаев Сасықтау Сафонов Синеморск Үшеркетау Шолан

1923 жылы 6 сәуірде болыстардың саны қысқартылып, олардың 7-уі ғана қалды:

Ақтөбе. Орталығы — Ақтөбе мекені Бастау. Орталығы — Бастау мекені Құрқұба. Орталығы — Жиделі мекені Манас. Орталығы — Манас мекені Мыңтөбе. Орталығы — Мыңтөбе мекені Синеморская көшпелі Үшеркетау. Орталығы — Жанбай мекені

1925 жылы 18 мамырда Теңіз уезі таратылды. Оның аумағы Орал губерниясының Бөкей уезіне өтті.

Сілтеме Қазақстан ӘАБ анықтамалығы (1920 ж. тамыз - 1936 ж. желтоқсан). Алматы, 1959

Санат:Бөкей губерниясы уездері