Генрик Юхан Ибсен (норв. Henrik Johan Ibsen; 20 наурыз 1828 жыл, Шиен, Норвегия – 23 мамыр 1906 жыл, Осло, Норвегия) — норвег драматургы, ақын, жазушы және публицист.
Алғашқы драмасы – “Катилина” (1950). Мұнда Ибсен Еуропадағы 1848 жылғы халық қозғалыстары кезінде болған оқиғаларды көрсетті. 1850 жылы “Қаһарман қорған” атты бір актілі лирикалық драмасы сахнада қойылған. 1852 – 57 жылдары Берген қаласында елдегі тұңғыш ұлт театрын, 1857 – 62 жылдары Кристиансанндағы норвег театрын басқарды. Оның осы кезде жазған және сахнаға қойылған пьесаларының ішінде “Эстроттен шыққан Фру Ингер” (1855 – 57) тарихи драмасы мен “Сульхаугедегі той” (1856) лирикалық драмасының орны өзгеше. Ибсен 1864 жылы Италияға қоныстанды. Онда “Бранд” (1866), “Пер Гюнт” (1867) драммалық поэмаларын аяқтады.
Саяси және тарихи-философиялық өлеңдер, “Кесарь мен галилеяндық” (1873), “Қуыршақ үй” (1879), “Құрылысшы Сольнес” (1892), т.б. драмалар жазды. Ибсен драматургиясы – 19 ғасырдың 70 – 80-жылдардағы Батыс Еуропа әдебиетінің биік шыңдарының бірі. Ол өзінен кейінгі драматургия мен театр өнерінің дамуына үлкен ықпал жасады. Б.Шоу, Г.Гауптман, т.б. драматургтер Ибсен тәжірибесінен үйренді. Ибсеннің “Қуыршақ үй”, “Елестер”, т.б. пьесаларын А.Тоқпанов, Қ.Ысқақов, т.б. қазақ тіліне аударған. Ибсеннің бірнеше шығармалары республика театрларының сахналарында қойылған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:Генрик Ибсен Санат:20 наурызда туғандар Санат:1828 жылы туғандар Санат:Шиенде туғандар Санат:23 мамырда қайтыс болғандар Санат:1906 жылы қайтыс болғандар Санат:Ослода қайтыс болғандар Санат:Норвегия ақындары Санат:XIX ғасыр драматургтері Санат:Норвегия драматургтері Санат:Әулие Олав орденінің Үлкен крест иегерлері Санат:Данеброг орденінің Үлкен крест иегерлері Санат:Поляр жұлдызы орденінің Үлкен крест иегерлері Санат:Норвегия жазушылары Санат:Спасск зиратында (Осло) жерленгендер