Қойтас – Шыңғыстау жотасының солтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Абай облысы Абай ауданы Арқат ауылының оңтүстік-батысында 27 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 700 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 5 км-ге созылған, енді жері 2 км. Беткейі көлбеу бірнеше таулардан тұрады. Солтүстігінде Ордатас, шығысында Есенбай таулары, батысында Үлкенсор көлі орналасқан.

Өсімдігі Қызғылт қоңыр топырақ жамылғысында ши, бұта аралас ажырық, жусан, бетеге өседі. Етегінде су шығымы 400 л/сағ болатын құдықтар бар.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) таулары