Қаратөбе – Шыңғырлау өзенінің оң аңғарындағы тау.

Географиялық орны Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақбұлақ ауылының оңтүстік-шығысында 42 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 211 м. Батыстан оңтүстік-шығысқа қарай доға тәріздес 7 км-ге созылып жатыр, енді жері 2 км. Түпкі жыныстары жер бетіне шығып жатыр. Солтүстігінде Жоғарғы Қарасай, Шолақбұлақ, оңтүстігінде Кеңқоныс қыстаулары бар.

Өсімдігі Бозғылт қоңыр топырақ жамылғысында боз, бетеге, жусан, еркек шөп, бұталар өседі. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Шыңғырлау ауданы таулары