нобай|400px|Пиридиннің (үстіңгі қатар) және изопропанолдың (астыңғы қатар) құрылымдық формулалары Құрылымдық формула — химиялық қосылыстардағы атомдардың өзара байланысын айқындап көрсететін химиялық формуланың түрі.

Ондай формуладағы атомдар арасындағы коваленттік байланыс штрихтер арқылы бейнеленеді. Басқа да арнайы белгілер қолданылуы мүмкін.

Құрылымдық формуланың бірнеше түрі бар: толық түрі — мұнда химиялық қосылыстың бүкіл элементтері мен байланыстары көрсетіледі (1); қысқа түрі — мұнда атомдардың сутегімен байланыстары көрсетілмей, штрихтер саны үнемделеді (2); қаңқалық формула — мұнда көміртегі мен сутегі атомдары көрсетілмей, олардың бар болуы тек тұспалданады (3); бензол сақинасы бар қосылыстар үшін бұл сақина арнайы көрсетілуі мүмкін (4).

Санат:Химия