Рамзан Ахматұлы Қадыров (; ; 5 қазан 1976 жыл, Ахмат-юрт, Шешенстан) — шешен және ресей саясаткері, Шешен Республикасының 2007 жылдың 15 ақпанынан бастап басшысы, Екінші Шешен соғысына қатысқан және Ресей әскерінде генерал-лейтенант атағы бар.
Рамзан — шешен соғысында Ресей жағын таңдаған Шешенстанның бұрынғы басшысы, Ахмат Қадыровтың ұлы. Рамзан Қадыровтың басшылығы деспотистік және репрессиялық болып сипатталады. Оны адам құқығын бұзу, азап көрсету және адам ұрлау сияқты қылмыстармен жиі айыптайды. Өзінің басшылық жылдарында ол Шешенстандағы әйелдер құқығын шектеуін жүргізді және көптеген даулы тұжырымдамалары және Инстаграмдағы аккаунты үшін танымал.
Өмірбаяны Қадыров Шешеш-Ингуш АКСР-ында, Центарой ауылында дүниеге келді. Ол имам Ахмат пен Аймани Қадыровтардың екінші ұл баласы және кенжесі. Оның Зелімхан атты ағасы (1974–2004) болды, және екі Зарган (1971–) мен Зулай (1972–) атты әпкелері бар. Ахмат шешен соғыстарының басында Ресейге қарсы шайқасқан, бірақ екінші Шешен соғысында Ресей жағында соғысқан еді.https://www.bbc.co.uk/czech/worldnews/story/2005/09/050916_chechnya_tyson_0730.shtml
Соғыстан кейін, Рамзан Шешенстанның сепаратист мүфтиі болған әкесі Ахматтың жеке жүргізушісі және оққағары болып жұмыс істеді.
Негізінен, Қадыров жасағы (немесе Қадыровтықтар ()) Ахмад Қадыровпен Бірінші Шешен соғысында Ресейге қарсы құрылған еді. Алайда қазір ол РФ ФҚҚ қолдауымен жұмыс істейді.
Премьер-Министрінің орынбасары 2004 жылы 9 мамыр күні әкесінің өлтірілуінен кейін 10 мамыр күні Рамзан Шешен Республикасының Премьер-Министрінің орынбасары атанды.
2005 жылдың тамызында Рамзан Қадыров қиратылған Грозный жерінде Еуропаның ең үлкен мешіті салынатынын мәлімдеді. Ол тағы Шешенстанды 'Ресейдегі ең бейбіт жер' деп атады және бір-екі жылдан кейін ол "Әлемдегі ең бай және ең бітім жер" болады деп айтып кетті. "Әкеңнің өлтірілуіне сен қалай кек қайтарасың?" - деген сұраққа ол:
Рамзан Шешенстан премьер-министрдің орынбасары 2005 жылдың қазанына дейін болды.
Уақытша Премьер-Министр солға|нобай|Сол жақтан оң жаққа: Шешенстан Президенті Әли Алханов, Ресей Президенті Путин және Қадыров (2005)
2005 жылы қараша айында Сергей Абрамов жарақат алған Жол-көлік оқиғасынан кейін Рамзан Шешенстанның уақытша Премьер-Министрі атанды. Ол дереу түрде Шариғат заңының элементтерін Шешенстанның заңдарына қосумен айналысты; өзгерістердің ішінде әуестік ойындар мен алкогольге тыйым салу болған.
Шешенстан Премьер-Министрі 2006 жылы 1 мамыр күні Премьер-министр Сергей Абрамов өзінің кетуін мәлімдеді. Көп ұзамай Әли Алханов оның ізбасары ретінде Қадыровты таңдады.
Қадыров ең бірінші шешімдерінің ішінде шешен әйелдерінің Исламдағы киім әдебін сақтау заңдарын қабылдау және Сунжа өзені маңында ауданы 120,000 м2 болатын Президенттік Резиденция құрылысын бастау. Құрамына тағы 5-жұлдызды қонақүй құрастыруы бар Резиденция проектіне Қадыров жалпы шамамен 1.5 миллиард ₽ жұмсады.
Оның немере інісі, Одес Хасайұлы Байсұлтанов, Шешен Парламентімен Бірінші Премьер-Министрдің орынбасары болып тағайындалды.https://web.archive.org/web/20161126064335/http://chechnya.gov.ru/page.php?r=126&id=589
2006 жылы 5 маусым күні Шешен Халық Ассамблеясының Спикері Дукваха Абдурахманов Мәскеудегі пресс-конференсияда "президенттікке сай Қадыровтан басқа ешкім жоқ" деп мәлімдеді.
2007 жылы 5 ақпан күні Қадыров өзінің президент лауазымын алғысы келмегенін айтты, бірақ Әли Алхановтың басқаруын сынады. Бұдан бұрын Әли жеке басқа табынуды ұнатпағанын айтты, сол жылдары Рамзанның портреттерін Грозныйда жиі табуға болатындықтан, оның осы сөзі Қадыровқа тиесілі екені белгілі болды.
Шешен Республикасының Президенті оңға|нобай|Қадыров (оң жақта) және Путин, 2008 ақпан
2007 жылы 15 ақпан күні Путин Әли Алхановты президенттіктен босатып, Рамзан Қадыровты уақытша Президент қылатын бұйрыққа қол қойды.https://web.archive.org/web/20080308153448/http://www.foxnews.com/story/0,2933,252203,00.html Путин Жаңа Президентке Қадыровты ұсынды, оны Шешен Парламенті қабылдады. Одес Байсұлтанов, Рамзанның немере інісі, Премьер-министр атанды. Қадыров туыстарына жоғары лауазымдарды бергені үшін ол шетелде үлкен сынға түседі, елде непотизм орнауы басталады.
Сол жылдың 19 мамырында Рамзан елде қалған Ресейге қарсы партизандардың барлығын да екі ай ішінде жоюға сөзін береді. 5 сәуір күні ол халқының қарсылығына қарамастан Президент атанады.
2010 жылының маусымында Рамзан "Шешенстан Президенті" лауазымының "Шешенстан Басшысы" қылып ауыстырылу керек деп айтып кетті және Солтүстік Кавказдың барлық Президенттерін осылай жасауға шақыртты. Кейінірек ол "Ресейде тек бір Президент болу керек" – деп қосты. 2 қыркүйек күні оның осы ұсынысын Шешен Парламенті қолдады, Рамзанның келесі мерзімінде титулдың аты ауысады деп шешілді.
Центарой ауылына жасалған шабуыл 2010 жылы Шешенстан үкіметіне қарсы екі ірі шабуыл жасалған. Біреуі Рамзанның туған Центарой ауылына (қазіргі Ахмат-Юрт) және екіншісі Грозныйдағы Шешен Парламентіне. 29 тамызында болған Центаройға бас салу — соңғы 6 жылдың ішіндегі Қадыровтардың туған ауылына жасалған тұңғыш басқын еді.Қадыровтың туған ауылына жасалған шабуыл оның беделіне зақым келтірді (ағылш.) Еуразия Дэйли Монитор Волюм. 7 Қыркүйек 2010. 2011 жылы Оригиналдан мұрағатталған.
2 қыркүйек күні Қадыров шабуылшылар жайлы тапқан мәлімет үшін $300,000 сыйлайтынын мәлімдеді. Қадыров мәліметтің құпиялығын сақтау үшін ауылдың барлық 5,000 тұрғындарын шабуыл уақытында шығуына тыйым салып еді.
19 қазан күні Шешен Парламентінің ғимаратына үш шешен көтерілісшілері бас салды. Кейінірек, шабуылдың соңында Рамзан Қадыров ғимараттың ішіне кіріп, кешірім сұрады. Ол осының қайталанбауына сөзін берген. Басқынды ұйымдастырған деп ол Ұлыбритания мен Польша үкіметтерін кінәләді. "Закаев те, Гакаев те, Омаров та, Вадалов пен басқа да бандиттер жасағандары үшін көрер... Мен барлығын жасағаны сол алкоголик Закаев пен оның Лондондағы одақтастары екендігіне сенімідімін." деген.http://www.kommersant.ru/doc.aspx?DocsID=1525306&NodesID=6 (орысша)
Шешен Республикасының Басшысы 2011 жылы 28 ақпан күні Қадыров Ресей президенті Дмитрий Медведевпен президент ретінде (енді лауазымның атауы "Басшы") екінші мерзімге ұсынылған. Оны Шешен Парламенті қайта тағайындайды.
2014 жылғы Грозный жарылысы үшін Ислам Мемлекеті күдікті еді. Рамзан Қадыров ғаламторда жиһадистің видеосын көрсетпеу үшін Шешенстандағы ғаламтордың өшіріп тастауы туралы ұсыныс жасап еді. Өзінің Инстаграмында жамандағаны үшін, ИШИМ қолбасшысы Абу Омар әл-Шишани оның басы үшін $5 млн. сыйақы беретінін жариялады.
30 июн күні Рамзан Қадыров Бірінші канал телеканалында өзінің «Команда» атты реалити-шоуының басталуын жариялады. Оның жеңімпазы Шешенстанның Стратегиялық Дамуы агенттілігінің басшысы болатыны айтылды.
2016 жылы 18 қыркүйек күні Қадыров 98% дауыспен сайлауда қайта жеңеді. Реалити-шоуда жеңіске жеткен Дюссельдорфта туған Филипп Варыченко айтылған лауазымын алды.
26 қыркүйек күні ол Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровпен бірге екі республикалардың шекараларын бекітті. Екі президенттін бірге жұмыс істегеніне қарсы шыққан ингуштар кейінірек протесттер бастап, Евкуровты президенттігінен кетуге мәжбүр қылды.https://www.bbc.com/russian/news-48751139 (орысша)
Ресейдің Украинаға басып кіруі Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде Қадыров өзінің Киевте соғысқанын айтып еді. Кремльдің баспасөз-хатшысы Дмитрий Песков оның шынымен де Украинада болғанын біле алмағандығын айтқан. Қадыров өзінің Украинада болғанын екі рет айтқан, және сөзінің екеуі де жалған болып дәлелденді. Бір рет ол өзінің Мариуполь қаласында болғанын мәлімдеді. Өзінің жанармай станциясында намаз оқыған фотосында Украинада жұмыс істемейтін Роснефтьтің Пульсар бренді байқалды.Странности на фото Кадырова побывавшего в Мариуполе (орысша) Мариупольде болған Қадыров фотосының оғаштықтары. 9111.ru.В Сети гадают, где сделан снимок Рамзана Кадырова у АЗС. На фото зрители заметили логотип «Роснефти» (орысша) Рамзан Қадыровтың жанармай құю станциясының қасында жасаған фотосының қайда жасалғаның Интернет болжауда. medialeaks.ru.
2023 жылдың 5 наурызында Microsoft News хабарлауы бойынша Қадыровтың жағдайы ауыр болды және белгісіз дереккөздер оның Ресей Қарулы Күштері Бас штабының Бас басқармасы (ГРУ) улатқанын айтты, қазақстандық журналист Азамат Мартьяновтың айтуынша, Қадыров айықпас дертке шалдыққан және бірнеше рет Біріккен Араб Әмірліктеріне сапарға шыққан. Ақпан айында Қадыровтың жақын серігі, генерал Апти Алаудинов улы зат қосылған хаттан уланған деп хабарланған.
Ескертпелер
Дереккөздер
Санат:Шешенстан саясаткерлері Санат:Ресей саясаткерлері Санат:Біртұтас Ресей мүшелері