Сомони () — Тәжікстанның ақша бірлігі, ортағасырлық саясаткер Исмаил Саманидің атымен аталған, ISO 4217 әріптік коды – TJS, сандық коды – 972, ресми таңбасы c. 1 сомони 100 дирамнан тұрады.

Сомони 2000 жылдың 30 қазанында енгізілді және тәжік рублін алмастырды (1 сомони = 1000 тәжік рублі), айырбастау 2001 жылдың 1 сәуіріне дейін жүргізілді.

Шақалары 2001—2018 жылғы шығарылым Бұл шығарылымның шақалары Санкт-Петербург ақша сарайында соғылған. 2006 жылғы шақаларда 2001 жылғы шақалармен салыстырғанда белгіленген бағаның үлкейтілген суреті бар. 2018 жылы Қазақстан теңге сарайында әрленімі өзгертілген атаулы бағасы 1, 3 және 5 сомонилік шақалар соғылған.

Бейнесі Белгіленген бағасы Материал Диаметрі(мм) Жуандығы(мм) Салмағы(г) Қыры Шығарылған жылы 120px <big>5 дирам болат,жез жалат. 16,5 1,35 2 тегіс 2001 2006 120px <big>10 дирам 17,5 1,4 2,4 2001 2006 120px <big>20 дирам 18,5 1,4 2,7 2001 2006 120px <big>25 дирам мыс+мырыш 19 1,4 2,76 бұжыр 2001 2006 болат, жезжалат. 2,8 2006 120px <big>50 дирам мыс+мырыш 21 1,45 3,6 2001 2006 болат, жезжалат. 3,4 2006 120px <big>1 сомони нейзилбер 24 1,6 5,2 үзілмелі-бұжыр 2001 60px60px 24,5 1,8 5,8 2018 120px <big>3 сомони 25,5 1,8 6,3 тегісжазуымен 2001 60px60px 2018 120px <big>5 сомони 26,5 1,85 7 жұлдызы барүзілмелі-бұжыр 2001 60px60px 2018

2011 жылғы шығарылым Ақша айналымының сапасын арттыру мақсатында 2011 жылдың 15 маусымында белгіленген бағасы 5, 10, 20 және 50 дирам және 1 сомони болатын шақалардың жаңа сериясы шығарылды. Белгіленген бағасы 1 және 2 дирам шақалар 2013 жылдың 2 ақпанында айналымға енгізілді. Барлық шақалар Қазақстан теңге сарайында соғылады.

Өткен шығарылымдардың барлық шақалары (2001 және 2006) заңды төлем құралы болып қалды.

2015 және 2017 жылдары белгіленген бағасы 5, 10, 20, 50 дирам және 1 сомони шақалар (тек 2017 жылы) сәл өзгертілген әрленімімен шығарылды. Бейнесі Белгіленген бағасы Материал Диаметрі(мм) Жуандығы(мм) Салмағы(г) Қыры Шығарылған жылы 60px 60px <big>1 дирам болат, жезжалат. 14,5 1,2 1,3 тегіс 2011 60px 60px <big>2 дирам 16,0 1,2 1,6 2011 60px 60px <big>5 дирам 18,0 1,2 2,0 2011 20152017 60px 60px <big>10 дирам 20,5 1,4 3,0 2011 20152017 60px 60px <big>20 дирам 23,5 1,6 4,0 бұжыр 2011 20152017 60px 60px <big>50 дирамов 26,0 1,6 5,5 үзілмелі-бұжыр 2011 20152017 60px 60px <big>1 сомони мелхиор 27,0 1,4 5,2 бұжыр 2011 2017

Естелік шақалары

Тәжікстан Ұлттық банкі 2004 жылы Тәжікстан Конституциясының 10 жылдығына және Душанбе қаласының 80 жылдығына арналған төрт шақа шығарғаннан бастап бағалы (алтыннан — атаулы құны 50, 100 және 200 сомони және күмістен – атаулы құны 1, 3, 5, 50, 100 және 500 сомони) және бағалы емес металдардан (биметалл — атаулы құны 3 және 5 сомони, мелхиор және нейзилбер — атаулы құны 1 сомони) естелік және мерейтойлық шақаларды шығарады.

2015 жылдың басындағы жағдай бойынша шақалардың 30 түрі, оның ішінде 5 биметалл, 2 мельхиор, 1 нейзильбер, 19 күмістен 925 сынама және 3 алтыннан 900 сынама шығарылды.

Банкноттары 1, 5, 20, 50 дирам және 1, 5, 10, 20, 50 және 100 сомони банкноталары Тәжікстан Республикасы Президентінің № 415 Жарлығына сәйкес 2000 жылғы 30 қазанда айналысқа енгізілді.

2010 жылы түсі өзгертілген 1, 5, 10 және 20 сомонилік банкноттардың түрленімдері, сондай-ақ 3, 200 және 500 сомонилік жаңа банкноттар шығарылды (10 қыркүйектен бастап).

2012 жылдың 25 желтоқсанында қосымша голографиялық қорғаныс элементі бар 5 және 10 сомонилік банкноттардың түрленімдері шығарылды.

2013 жылғы 5 наурыздан бастап айналымға жаңа қорғаныс элементі бар 20, 50 және 100 сомонилік банкноттардың түрленімдері енгізілді: сериялық нөмірдің соңғы үш саны кинеграммада лазердің көмегімен басылды, сонымен бірге оны қарапайым көзбен және сипап көру арқылы ажыратуға болатын жоғары бедерге ие.

2017 жылдың 31 тамызында Тәжікстан Ұлттық банкі жаңа қорғаныс белгілері бар 10, 20, 50 және 100 сомонилік банкноттардың түрленімдерін шығарды. Барлық банкноттарда Ұлттық банк төрағасының қолы ауыстырылып, уақыты 2017 жыл болып өзгертілді. 100 сомонилік банкноттың бет жағындағы қорғаныс жолақтары өзгертіліп, банк эмблемасы кішірейтілді. Банкноттың арт жағында сүңгуір жіп кеңейіп, республиканың туы мен банктің эмблемасы да кішірейтілді.

Бейнесі Белгіленген бағасы Өлшемі(мм) Негізгітүстері Сипаттамасы Шығарылған жылы Бет жағы Арт жағы Бет жағы Арт жағы 100px 100px <big>1 дирам 100×60 қоңыр Садриддин Айни ат. опера және балет театрының ғимараты таудың әсем көрінісі 1999 100px 100px <big>5 дирам көк «Арбоб» мәдениет сарайы Шілішершашмадағы кесене 100px 100px <big>20 дирам жасыл Тәжікстан Ұлттық банкінің мәжіліс залы таулы жол 100px 100px <big>50 дира күлгін Саманилер елінің негізін салушыӘбу Ибраһим Ысмайыл ибн Ахмат Самани (849—907) таулы жол 141px 141px <big>1 сомони 141×65 жасыл ақын, Тәжікстанның қоғамдық-саяси қайраткеріМырза Тұрсынзаде (1911—1977) Тәжікстан Ұлттық банкінің ғимараты 1999 141px 141px <big>3 сомони қызылкүрең Тәжікстанның батыры, Тәжікстанның мемлекет қайраткеріШырыншаһ Шаһтемір (1899—1937) Тәжікстан парламентінің ғимараты 2010 144px 144px <big>5 сомони 144×65 көк қазіргі тәжік әдебиетінің негізін салушыСадриддин Айни (1878—1954) Пенжакент ауданындағы Әбу Абдаллаһ Рудаки кесенесі 1999 147px 147px <big>10 сомони 147×65 тоқсарықызылкүрең Тәжік ойшылы және ақыныМір Сейіт Әли Хамадани (1314—1384) Күләбтағы Мір Сейіт Әли Хамадани кесенесі 1999201720182021 150px 150px <big>20 сомони 150×65 қоңыркөкшіл Парсы философы және дәрігері, ғалым-энциклопедистӘбу Әли Хұсейін ибн Абдуллаһ ибн Сина (980—1037) Гисар бекінісі 153px 153px <big>50 сомони 153×65 көксары ғалым, Тәжікстанның мемлекет қайраткеріБабажан Ғафуров (1908—1977) Исфара ауданындағы «Сино» шайханасы 156px 156px <big>100 сомони 156×65 қоңыркөкшіл Саманилер елінің негізін салушыӘбу Ибраһим Ысмайыл ибн Ахмат Самани (849—907) Президент сарайы 199920172021 159px 159px <big>200 сомони 159×68 қоңырсарыкөкшіл Тәжікстанның батыры, Тәжікстанның мемлекет қайраткеріНұсратулла Мақсұм (1881—1937) Ұлттық кітапхананың ғимараты 201020182021 162px 162px <big>500 сомони 162×71 көксары тәжік (парсы) классикалық әдебиетінің негізін салушыӘбу Абдаллаһ Рудаки (858—941) Ұлт сарайы 2010 2018 2021<small>Кескін масштабы 1 миллиметрде 1,0 пикселді құрайды.+

Қорғаныс элементтері Дирамдар: Қызыл, көк және жасыл жарықпен жарқырайтын түссіз қорғаныш талшықтары бар қағаз Тәжікстан Ұлттық банкінің эмблемасы түріндегі сутаңбасы Қайталанатын "БМТ" ( — Тәжікстан Ұлттық банкі) мәтіні бар металдандырылған сүңгуір қауіпсіздік жіп Тәжік (алдыңғы жағында) және ағылшын тілінде (артқы жағында) банкноттың белгіленген бағасының суреті бар микромәтін Магниттік қасиеттері бар сериялық нөмір Сомони: Қызыл, көк және жасыл жарықпен жарқырайтын түссіз қорғаныш талшықтары бар қағаз Банкнотада бейнеленген адамның портреті түріндегі сутаңбасы Қайталанатын "БМТ" мәтіні бар металдандырылған сүңгуір қауіпсіздік жіп Тәжік (алдыңғы жағында) және ағылшын тілінде (артқы жағында) банкноттың белгіленген бағасының суреті бар микромәтін Көлденең орналасқан сериялық нөмір магниттік қасиеті бар Баспа-бедерлі элемент көшіруге қарсы: банкнотты әртүрлі бұрыштардан қарау кезінде «қызғалдақ» суретінде банкноттың белгіленген бағасын көрсететін бірнеше сандар көрсетіледі. Алдыңғы және артқы жағындағы ашық шеңбердегі өрнек элементтерін біріктіру ТҰБ эмблемасын құрайды. ТҰБ эмблемалары және тәжік пен ағылшын тілдеріндегі мәтіні бар голографиялық қорғаныс жолағы (20-500 сомони банкноттарында; 2012 жылдан бастап — 5 және 10 сомонилерде) Көру қабілеті нашар адамдарға арналған жапсырма Кинеграммадағы сериялық нөмірдің соңғы үш санының бедерлі суреті (2013 жылдан бастап 20, 50 және 100 сомонилік банкноттарда)

Сомони нышаны 2015 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Ұлттық банкі қазан айының басында аяқталуы тиіс сомони нышанын әзірлеуге арналған байқаудың басталғанын жариялады. Дегенмен, ол нәтижесіз аяқталды, әлі күнге дейін Тәжікстанның ұлттық валютасының нышаны әдеттегі - «с» әрпінің қысқартылған түрі болып келеді / Хабаршы.

Дереккөздер

Санат:Азия валюталары Санат:2000 жылы пайда болғандар Санат:Тәжікстан