2023 жылдың 19 наурызында Қазақстанда кезектен тыс Мәжіліс депутаттарының сайлауы өтті, оның нәтижесінде Мәжілістің 8-сайланым депутаттары сайланды. Бұл сайлаумен қатар барлық деңгейдегі (аудандық, қалалық, облыстық) мәслихаттар депутаттарының сайлануы өткен еді. Сайлау нәтижесінде ресми тіркелген жеті партияның алтауы мандат алды: Байтақ Жасылдар партиясы Мәжілісте өкілеттік ала алмады. Бұл сайлау — тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тоғызыншы парламент сайлауы.

Жүргізілуі

2022 жылғы референдум қорытындысы бойынша Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерден кейін Мәжіліс депутаттарының 70 % партиялық тізім бойынша, 30 % бір мандатты округтерден сайланатын болады.

2023 жылдың 20 қаңтарында елдің Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) сайлауды тағайындауға, күнтізбелік жоспарды бекітуге, сайлау құжаттарының нысандарын белгілеуге қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың сөзінше 2023 жылғы 1 қаңтар санағы бойынша Қазақстанда белсенді сайлау құқығы бар 11 976 406 азамат бар.

Бағдарламасы 2023 жылдың 20 қаңтарында Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) отырысында төрағаның орынбасары Константин Петров 2023 жылғы сайлаудың күнтізбелік жоспарын жариялады. КүніЖоспары19 қаңтарҚазақстан Парламенті VII-шақырылымының таратылуы; сайлау күнінің тағайындалуы20 қаңтарҮміктерлердің тіркелуі18 ақпанТіркелудің аяқталуы18 ақпан – 18 наурызҮміткерлер үгіті18 наурызТыныштық күні19 наурызСайлау күні19 наурыз, 20:00Дауыс саналуы және нәтижесінің дайындалуы

Партиялары Қатысушы партиялар және олардың төрағалары 2023 жылы 21 қаңтарда Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жалпы тіркелген саяси партиялардың жетеуі сайлауға қатысатыны туралы хабарлады. Атауы№ИдеологиясыТөрағасы2021 нәтижесіСаяси ұстанымыДауыс саны (%)Депутат саныАманатАманат1Ерлан Қошанов71,1 %Про-президенттікАуыл"Ауыл" ХДПП2АграризмСоциал-демократияӘли Бектаев5,3 %Про-үкіметтікRespublicaRespublica3ЛиберализмПарламентаризмАйдарбек ҚожаназаровЖаңаПро-президенттікҚХПҚазақстан Халық партиясы4Демократиялық социализмЕрмұхамет Ертісбаев9,1 %Про-президенттікБайтақ5Жасыл саясатАзаматхан ӘміртайЖаңаПро-үкіметтікAq JolАқ Жол Демократиялық партиясы6Либералды консерватизмЭкономикалық либерализмАзат Перуашев11 %Про-президенттікЖСДП7Социал-демократияПарламентаризмАсхат РақымжановҚатыспадыОппозиция (өз сөзі бойынша)Анық емес (де-факто)

Партиялар және үміткерлер саны

ПартияПартия тізіміндегі №1Үміткер саныЖалпы саныПартия тіркелуіПартия тізіміБірмүше аудандарҚХПЕрмұхамет Ертісбаев52156711 ақпан 2023 Ақ ЖолАзат Перуашев54237713 ақпан 2023JSDPАсхат Рақымжанов1962513 ақпан 2023АуылЖигули Дайрабаев2593414 ақпан 2023BaytaqАрман Қашқынбеков1842214 ақпан 2023АманатКонстантин Авершин902911915 ақпан 2023RespublicaАйдарбек Қожаназаров2342715 ақпан 2023Өзін-өзі ұсынушы colspan="2" 359

Партия науқандары thumb|left|Сайлауалды үгіт плакаттары ілінген колонналар, Астана Қазақстан Халық партиясы 21 қаңтарда жүргізілген отырысының нәтижесінде Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) өзінің бұл сайлауда «белсенді қатысатынын» жариялаған.

Қантардың 31-і күні партияның ХХІІІ-съезі өтті, оның барысында ҚХП төрағасы Ермұхамет Ертісбаев «қазақстандықтарды алаңда емес, сайлау учаскелеріне келіп, барлық талаптарды өркениетті, демократиялық жолмен орындау үшін шақырамыз» деді. Съезде энергетика және өнеркәсіп, сондай-ақ жерді беру, көші-қон жұмыспен қамту және әйелдер зейнеткерлік жасын төмендету сияқты мәселелер көтерілді.

Съезден бұрын ҚХП құрамынан оның бірнеше мүшелері шыққан еді, солардың ішінен бұрынғы Мәжіліс депутаттарының үшеуі (Жамбыл Ахметбеков, Ерлан Смайлов және Ғазиз Құлахметов) де болған еді. Партиядан шығу себебін олар "нашарланған партия басшылығын" атап кетті.

Ермұхамет Ертісбаев айтуынша партияның бекітілген тізімінде 52 адам бар.

Ақ жол 20 қаңтар күні Ақ жол демократиялық партиясы өзінің осы сайлауға қатысатынын жариялады.

1 ақпан күні партияның ХХІ-съезі өтті, оның барысында партияның сайлауда қатысуы ресми түрде шешілді. «Ақ жол» партиясынан жалпы 77 кандидат ұсынылды, оның ішінде 54-і партиялық тізімге енгізілген, осы тізімде төраға Азат Перуашев, бұрынғы президенттікке үміткер Дания Еспаева, ақын Қазыбек Иса.

Съезде Азат Перуашев пен партияның басқа мүшелері жемқорлыққа қарсы шықты және елдегі демократия, де-офшоризация, әлеуметтік әділеттілік, нарықтық экономика және сыртқы саясат мәселелерін көтерді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия 21 қаңтар күні бұрынғы сайлауларға бойкот жасаған, өзін «елдегі жалғыз оппозициялық күш» деп атайтын Жалпыұлттық социал-демократиялық партия өзінің 2023 жылғы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауына қатысатынын жариялады. 2 ақпан күні болған партияның XX-съезінің барысында партиялық тізім бойынша 19 адам, мажоритар жүйе бойынша партия 6 адам түсетіні белгілі болды.

13 ақпан күні ЖСДП Орталық сайлау коммисиясының қатысушы партиялар тізіміне қабылданды.

Байтақ 2022 жылы ғана тіркелген "Байтақ" Жасылдар партиясы 2023 жылғы 20 қаңтарда Қазақстанның экологиялық саясатын өзгертуін мақсат қылып, сайлауға алғаш рет қатысатынын мәлімдеді. 21 қаңтарда партия төрағасы Азаматхан Әміртай партияның осы сайлауда экологиялық проблемаларды көтеруге ұмтылатынын айтты.

Партиядан тізім бойынша 20 кандидат ұсынылды, оның ішінде әйелдер квотасы бойынша 4 кандидат, жастар квотасы бойынша – 1 кандидат және мүгедектер квотасы бойынша – 1 кандидат бар.

Ауыл 24 қаңтар күні Ауыл Халықтық Демократиялық партиясының төрағасы Әли Бектаев «партияның жаңа сайлау циклінде адал және ашық күреске дайын екендігін» және «партиялық өрістің кеңейгені мен саяси күштер арасындағы бәсекелестіктің дамып келе жатқандығын» айтып кеткен.

4 ақпан күні өткен партияның съезі нәтижесінде партия атынан сайлауда 34 үміткер қатысатыны белгілі болды, сайлауалды бағдарлама қабылданды. Партия үміткерлерінің тізіміне 2022 жылғы президент сайлауына қатысқан үміткердің екеуі: Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бар.

Нәтижелері thumb|center|VIII-шақырылымының құрамы Сайлау нәтижесінде сайлауға қатысқан жеті партияның алтауы Мәжіліске кірді (тек Байтақ партиясы беспайыздық нәтижеге жете алмады) және өзін-өзі ұсынған үміткерлердің жетеуі Мәжілістегі мандаттарын алды.

АтауыЖинаған дауыс саны%Мандат саныОкруг бойыншаПартиялық тізімдер бойыншаЖалпыАманат3 431 51053,92240Ауыл693 93810,98Respublica547 1548,66Ақ Жол535 1398,45ҚХП432 9206.85ЖСДП331 0585,24Байтақ146 4312,300Өзін-өзі ұсынушылар7Бәріне қарсымын248 2913,9=--Жалпы саны6 366 4411002969

Дереккөздер

Санат:2023 жылдағы Қазақстан Санат:Қазақстандағы парламент сайлаулары Санат:2023 жылғы Қазақстандағы сайлаулар