Мерв округі — Түрікмен КСР-нің 1924 жылдың желтоқсанынан 1926 жылдың тамызына дейін болған әкімшілік бөлініс бірлігі. Әкімшілік орталығы — Мерв қаласы.

Округ 1924 жылы Мерв және Тежен уездерін біріктіру арқылы құрылған.

Бастапқыда: Мерв және Теджен деген 2 уезге бөлінді.

1925 жылы қаңтарда уездердің орнына 5 аудан: Байрамәлі, Мерв, Пенде, Серахс, Тежен құрылды. Көп ұзамай Пенде ауданы Тақтабазар ауданы болып өзгертілді. 1926 жылы қаңтарда Жолөтен ауданы құрылды.

1926 жылы тамызда округ таратылып, оның аудандары Түрікмен КСР-нің тікелей бағыныстылығына берілді.

1926 жылғы халық санағы бойынша 265,4 мың адам болды. Соның ішінде түрікмендер – 79,9%; орыстар – 7,5%; белудждер - 3,8%; армяндар – 1,8%; ауғандықтар – 1,5%.

Әдебиет

Санат:Түрікмен КСР округтері