Пуну — Габонның оңтүстігіндегі және Конго Республикасының көршілес аудандарындағы халық. Туысқан сира, сангу, лумбу, бвизи халықтарымен бірге Габонда 130 мың адам, Конгода 50 мың адам тұрады.Энциклопедический справочник «Африка» https://africa.academic.ru/2584/%D0%BF%D1%83%D0%BD%D1%83

Тілі Сира-пуну тілдерінде сөйлейді.Пуну https://sv-barrisol.ru/stati/7590-punu-narod.html

Діні Пунулардың көпшілігі дәстүрлі нанымдарды ұстанады, кейбіреулері христиандар."Энциклопедическом справочнике "Африка" https://slovaronline.com/browse/f3914693-2e3f-326c-909b-4c4c122754e7/%D0%BF%D1%83%D0%BD%D1%83

Кәсібі нобай|оңға|150px|Қара маска нобай|солға|150px|Ақ маска Дәстүрлі кәсіптері тропикалық қолмен атқарылатын егіншілік (маниок, ямс, тәтті картоп, таро, жержаңғақ, май пальмасы, банан, көкөніс, цитрустық жемістер, кейбір аудандарда күріш), балық аулау. Көркемдік қолөнер дамыған - ағаштан ою (мүсін, бетперде, музыкалық аспаптар, тұрмыстық бұйымдар), кілемше тоқу, керамика. Ер адамдардың бір бөлігі ағаш кесу мен какао, кола, кофе плантацияларында маусымдық жұмыстарда істейді.Народы и культуры Пуну https://travel-journal.ru/ethno/43/1187/

Әр ауылда ғұрыптық маскалар жасайтын шеберлер бар (мукудж). Оларды бишілер киіп, жаңа бала туылғаннан кейін немесе жерлеу кезінде күрделі қимылдар мен акробатикалық іс-әрекеттерді орындайды.Экзотическая красота: маски мукудж африканского народа пуну https://violity.com/ua/publication/1981-ekzoticheskaya-krasota-maski-mukudzh-afrikanskogo-naroda-punu

Өмір салты Қоғамдық қатынастарда рулық құрылымдар өз маңызын сақтайды. Негізгі әлеуметтік бірлік – көршілес немесе рулық қауым. Туыстық есеп патрилинейлік. Неке патрилокальды.

Елді мекендері жолдардың немесе өзендердің бойында орналасқан шағын ауылдардан тұрады. Тұрғын үйлері жоспары бойынша төртбұрышты, қабырғалары бұтақтардан және қамыстан өрілген, төбелері биік, пальма жапырақтары мен шөптен жасалған.

Киімдері - мақта матадан тігілген киімдер.

Дәстүрлі тағамдары - шелпек, шикі және қуырылған банан және басқа да көкөністер мен жемістер, өзен жағасында - балық.народы мира / Пуну http://www.etnolog.ru/people.php?id=PUNU

Дереккөздер

Санат:Габон халықтары Санат:Конго Республикасы халықтары