Байысхан Рәпілұлы (1904, Бұлғын өлкесі, Баян-Өлгей аймағы — 24.4.1967, сонда) — Моңғолиядағы қазақтар арасынан шыққан күйші, композитор.
1958 жылы Ұланбатырда өткен арнайы байқауда “Аймақтық домбырашы” құрметті атағы берілген.
Ел арасына тараған 100-ден астам (“Кеңес”, “Дарабоз”, “Жалғыз жігіт”, т.б.) халық күйлерін жеткізуші, 20-ға жуық күйдің авторы. Алғашқы күйлерін (“Жақсы малшы”, “Ақ толқын”, “Күй бастар”, “Бейбіт өмір”, “Жаңа талап”, “Әсем сұлу”, “Алтын таң”, “Шаттық жыры”, “Гүлденген өлкем”, “Бөбегім”, “Бұлбұл”, т.б.) 20 ғасырдың 30-жылдары шығарған. Күйлері нәзік әуенді, өзіндік үндік реңкті, бір ырғақты келеді. Бірқатары Баян-Өлгей ұлт аспаптар оркестрінің репертуарына енген.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, II том;
Дереккөздер
Санат:1904 жылы туғандар Санат:Күйшілер Санат:Баян-Өлгей аймағында туғандар Санат:24 сәуірде қайтыс болғандар Санат:1967 жылы қайтыс болғандар Санат:Моңғолия қазақтары Санат:Моңғолия сазгерлері Санат:Қазақ сазгерлері Санат:Домбырашылар Санат:Баян-Өлгей аймағында қайтыс болғандар