Hisense () — қытайлық мемлекеттік компания, тұрмыстық техника мен электроника өндірушісі. Компанияның штаб-пәтері Қытайдың Циндао қаласында орналасқан. Hisense корпорациясы 1969 жылы құрылған және Қытайдағы электроникаға қатысты ең ірі компаниялардың ондығына кіреді. Жоғары технологиялық өнімдерді әзірлеуге және өндіруге маманданған, қонақ үйлер желісіне ие. Өнімдері әлемнің 100-ден астам еліне экспортталады.

Дереккөздер

Санат:Қытай компаниялары Санат:Hisense