“ЖАҢА ӨРІС” — газет. Түркістан атқару кеңесінің және Түркістан майданының саяси бөлімі атынан шығып тұрған. Алғашқы нөмірі 1920 жылы сәуір айында жарық көрді. Оның “Шет елдерде”, “Ке-ңестер ішінде”, “Аймақ хабарлары” деген бөлімдері болды. 1920 жылы 27 шілдеде шығуын тоқтатты.

"Қазақ Энциклопедиясы"Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6 Дереккөздер

Санат:Қазақстан газеттері Санат:Қазақ тілді газеттер