Дана Абибуллақызы (09 мамыр 1979 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы — «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Қызмет жолы 1999-2001 жж. «Сенім» АЖЗҚ» ЖАҚ менеджері; 2001 жылдың қаңтарынан — 2001 жылдың қыркүйегіне дейін Онтүстік Қазақстан облысының Тұрмыстық статистика туралы ақпарат-статистика орталығы үй шарушылығын статистикалық қамтамасыз ету бөлімінің 2-санаттағы маманы; 2002 жылдың сәуірінен — 2002 жылдың қарашасына дейін - «Қазагрокапитал» холдингі «СӘТ» ЖШС бас бухгалтері; 2002-2003 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Транс Спец Экспорт» ЖШС бас бухгалтері; 2003-2006 жж. «Қазагрокапитал» холдингі «Интер Фуд Трейд» ЖШС бас бухгалтері; 2006 жылдың шілдесінен — 2006 жылдың тамызына дейін «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің жетекші маманы; 2006-2008 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас маманы; 2008-2009 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтерінің орынбасары; 2009-2014 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ бухгалтерлік есеп және есеп беру бөлімінің бас бухгалтері; 2014-2019 жж. «Қазақстан» РТРҚ» АҚ Қаржылық қамтамасыз ету департаментінің қаржы директоры; 2019 жылдың қыркүйегінен «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымының қаржылық және әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары.

Білімі Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Дереккөздер

Санат:Түркістанда туғандар