«Қазақстан темiр жолына 100 жыл» медалі — Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 1353 Жарлығының негізінде республикадағы теміржол көлігін қалыптастыру мен дамытуға елеулі үлес қосқан Қазақстан Республикасының азаматтарын және шетел азаматтарын марапаттау мақсатында тағайындалды.
Медалдің сипаттамасы «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерейтойлық медалі жезден жасалып, диаметрі 34 мм, қалыңдығы 2,5 мм болатындай дөңгелек пішінді. Медалдың бет жағында Қазақстан Республикасының контурлы картасының аясында рельс үстінде тұрған паровоздың және қазіргі заманғы электровоздың бедерлі бейнелері бар. Контурлы карта көк эмальмен Қазақстан Республикасы астанасының орналасқан жері бейнеленген. Суреттің төменгі жағында «1904-2004» жылдары көрсетілген.
Медалдің арт жағында «Қазақстан темір жолына 100 жыл» деген жазу бар. Төменде қазақтың ұлттық ою-өрнегінің элементі суреттелген.
Медаль биіктігі 55 мм және ені 34 мм болатын тағанға құлақша мен шығыңқы арқылы жалғанған, алтын және ақ түсті жиектері бойынша тік жолақтары бар көк қатқыл таспамен қапталған. Планканың артқы жағында қалқа бекітпесі бар түйреуіш қадалған.
Сыртқы сілтемелер
Санат:Қазақстан медалдары