Roshen — украиналық кондитер корпорациясы, Украина мен Шығыс Еуропадағы кондитер өнімдерінің ірі өндірушісі және әлемдегі отыздыққа кіреді. Компанияның бас кеңсесі Киевте орналасқан. Қазақстан, Кавказ елдері, Орта Азия, Еуропа одағы, АҚШ, Молдова, Қытай, Израиль, Иордания, Жапония сияқты 30-дан астам елде өнімдерін ұсынады.
Roshen атауы корпорацияның негізін қалаушы Петр Порошенконың тегінен шыққан.Порошенко купил одну из крупнейших шоколадных фабрик Венгрии
Компанияның 2015 жылғы табысы шамамен $500 млн құрады. 2019 жылғы әлемдік Candy Industry Top 100 рейтингінде Roshen кондитер компаниялар арасынан әлемде 27 орынға ие болды.2019 Global Top 100 // candyindustry.com Өндірістік қуаты мен өнімнің физикалық саны бойынша компания кондитер әлемінде маңыздылығы бойынша 15-ші орында.Арасланова А. Порошенко приготовил конфеты для Европы
Меншік иелері және басшылық 2014 жылғы Украинадағы президенттік сайлауға Петр Порошенко қатыса отырып, жеңісінен кейін Roshen-ді сатуға ниетті екенін мәлімдеді.Порошенко объявил о передаче Roshen в «слепой траст» «РБК», 14.01.2016 2015 жылы 5 маусымда Киевте өткен баспасөз мәслихатында Петр Порошенко Roshen кондитер корпорациясындағы өз үлесін Ротшильдтер отбасына тиесілі жеке инвестициялық N M Rothschild & Sons банктік компаниясының басқармасына беретінін айтты. 2016 жылдың қаңтарында акцияларды тәуелсіз сенім қоры Rothschild Trust басқаруына беру туралы шартқа қол қойылды, осылайша Петр Порошенко президенттік өкілеттіктері аяқталғанға дейін бизнеске әсер ете алмады.
Қызметі Корпорация 1996 жылы К. Маркс атындағы Киев кондитер фабрикасы жекешелендірілгеннен кейін пайда болды. Қазір корпорация 320-дан астам өнім түрін шығарады: шоколад плиткасы, шоколад бисквиттері, шоколад, карамель және желе кәмпиттер, бисквит, печенье, вафли өнімдері, торт, зефир, тәтті нан, пастила, кекс, мармелад, крекер.
Өндірістің жалпы көлемі жылына 450 мың тоннаға дейін жете алады. Өнім ассортиментінің ішіндегі ең танымалы К. Маркс атындағы Киев кондитер фабрикасының «Киевский» торты. Кәмпиттерден қораптағы «Кешкі Киев» пен «Подоль жебесі» көпшілікке таныс.
Дереккөздер
Санат:Украина компаниялары