Кемелбек Бақтығұлұлы Ойшыбаев (13 шілде 1977 жыл, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық журналист, мемлекет қайраткері, 2022 жылдан бастап Ұлттық медиа қауымдастық төрағасы. 2023–2026 жылдары «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрағасы, 2016–2017 жылдары «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы, 2020–2022 жылдары Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі лауазымдарын атқарған.

Білімі 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 2016 жылы Geneva Business School (Швейцария) MBA дәрежесін алды.

Мансабы Еңбек жолын 1998—1999 жылдары «Столичное обозрение» газетінің тілшісі ретінде бастаған.

1999 жылдан 2000 жылға дейін Стандарттау, метрология және сертификаттау комитетінің (ҚР Мемлекеттік стандарты) баспасөз хатшысы болды.

2000—2001 жылдары «Интерфакс-Қазақстан» ақпараттық агенттігі» ЖШС тілшісі болды.

2001—2007 жылдары «Қазақтелеком» АҚ «Корпоративтік сату дирекциясы» Президентінің кеңесшісі, Атқарушы директоры, Бас директоры болып қызмет атқарды.

2007—2011 жылдары «TNS-Plus» ЖШС бас директоры, 2011—2014 жылдары «Altyntau Resources» АҚ Басқарушы директоры болды.

2014—2016 жылдары «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС стратегиялық және коммерциялық қызмет бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары болды.

2016 жылы шілде-қыркүйек аралығында «Орталық коммуникациялар қызметі» РМК директоры, 2016 жылғы қыркүйектен 2017 жылғы ақпан айына дейін «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымын атқарды.

2017—2019 жылдары «Smartway Systems» ЖШС Байқау кеңесінің Төрағасы болды.

2019—2020 жылдары «Рухани Жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ Басқарма Төрағасы, 2020—2022 жылдары Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.

2022 жылдың наурыз айында «Ұлттық медиа қауымдастығы» ЗТБ Төрағасы болып сайланды.

2023 жылғы 13 қыркүйекте «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. 2026 жылғы 31 тамызда лауазымынан босатылды.Ләззат Танысбай «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма төрайымы қызметіне тағайындалды

Марапаттары «Құрмет» ордені – 2021 ж.КЕМЕЛБЕК БАҚТЫҒҰЛҰЛЫ ОЙШЫБАЕВ

Дереккөздер

Санат:Қазақстан мемлекет қайраткерлері