Василий Евдокимович Черкасов (25.4.1934, Ресей, Алтай өлкесі, Чарышское ауданы Уст-Пулатинка станциясы) – экономика ғылымдарының докторы (1984), профессор (1985).
ҚазМУ-ды (1960, қазіргі ҚазҰУ) бітірген. Алматы халық шаруашылық институтында (1963–1974, қазіргі Қазақ экономика университеті) оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, Алматы жоғары партия мектебінде кафедра меңгерушісі (1974) қызметтерін атқарды.
Негізгі ғылыми еңбектері қаржы мен несие мәселелеріне арналған.Қазақ ұлттық энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:25 сәуірде туғандар Санат:1934 жылы туғандар Санат:Алтай өлкесінде туғандар Санат:Қазақстан экономистері Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Экономика ғылымдарының докторлары Санат:Профессорлар