Ескендірбек Рысбекұлы Айдарәлиев (; 13 қараша 1955 жыл, Жалалабат облысы) — қырғызстандық саясаткер, 2007 жылғы қарашадан желтоқсанға дейін Қырғызстан премьер-министрі міндетін атқарушысы.

Ерте жылдары Ескендірбек Айдарәлиев 1955 жылғы 13 қарашада, Жалалабат облысының Шатқал ауданындағы Жаңабазар ауылында туған.

Мансабы Қырғызстан премьер-министрі міндетін атқарушысы болып Айдарәлиев 2007 жылғы 28 қарашада, Алмазбек Атамбаев отставкасынан кейін тағайындалды. 2007 жылғы 24 желтоқсанда, 2007 жылғы парламент сайлауынан кейін оның орнын Игорь Чудинов алды.

Премьер-министр міндетін атқарушысы болудан бұрын Айдарәлиев Премьер-министр бірінші орынбасары, 2006 жылғы 31 қаңтардан 2007 жылғы 27 қарашаға дейін Жалалабат облысының әкімі еді. Бұрын ол, оған қоса, Талас облысының әкімі де болған.

Өз өмірі Айдарәлиев үйленген, оның бір ұлы және екі қызы бар.

Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:Қырғызстан саясаткерлері Санат:Жалалабат облысы тұлғалары Санат:Талас облысы тұлғалары Санат:Қырғызстан премьер-министрлері