Кёльнбрайн бөгеті () — Аустриядағы ең үлкен гидротехникалық құрылыс (бөгет), аттас су электр станциясының бөлігі болып табылады. Ол 1971-1977 жылдар аралығында салынған.

Сипаттама нобай|оңға|200px|Кёльнбрайн бөгеті нобай|оңға|200px|Бөгетті бетондау жұмысы Кёльнбрайн бөгеті гидротехникалық құрылыс болып табылады, оның құрылысы 1978 жылы Мальта өзенінің ағысын жауып, ондағы су деңгейін көтеру үшін қажет болды. Нәтижесінде, Альпі тау қорығының аумағында су жинайтын электр станциясы бар үлкен су қоймасы пайда болды. Кёльнбрайн бөгеті әлемдегі үшінші үлкен бөгет болып саналады, оның қабырғасының ауданы 7 гектарды құрайды, бірақ соған қарамастан ол қоршаған аймақтың көркем ландшафтына өте жақсы сәйкес келеді.

Тарихы Бөгет құрылысын 1930 жылдары бастау жоспарланса да, Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты мерзімдері ауыстырылды. Аустрия билігі Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жобаны қайта бастады, 1957 жылдан бастап ауқымды барлау бұрғылау жұмыстарын жүргізді, бірақ Кёльнбрайн бөгетінің құрылысы 1971 жылы ғана басталды. Цемент және басқа да құрылыс материалдары учаскеге жеткізілмес бұрын кіреберіс жол салынуы керек еді. Бұл оңай міндет емес екені дәлелденді, өйткені тік Мальта аңғары 300 метр (980 фут) 14 километрден (8,7 миль) жоғары көтеріледі және кейбір жерлерде 13 пайыз еңісі бар. Жол салу үшін алты туннель қазу керек болды.

1977 жылы бөгеттің құрылысы салынып бітіп, оны салуға 1 600 000 текше метр бетон жұмсалды. Бірақ бар болғаны бір жылдан кейін жарықтар пайда болып, су пайда болған жарықтар арқылы өте бастады. Жөндеу жұмысы 1992 жылға дейін созылды. Тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жарықтар бетонмен ғана емес, сонымен қатар синтетикалық шайырмен және полиуретанмен тығыздалып жабылды.

1984 жылы су қоймасы 90 пайызға толды. Оның құрылысы 1988 жылы мақұлданды және 1989-1992 жылдар аралығында жүзеге асырылды. Бөгет пен блок арасында 600-ден астам арнайы неопрен төсемдері орнатылған, олар су қоймасын көтеру және түсіру кезінде пайда болатын күштерге бейімделеді. 1993 жылы су қоймасы максималды деңгейде және қалыпты режимде жұмыс істей бастады.

Техникалық көрсеткіштері Қазіргі уақытта су қоймасы теңіз деңгейінен 1902 метр биіктікте орналасқан, оның су сиымдылығы 200 000 000 текше метрді құрайды. Бөгет су қоймасы тоғыз бөгеттен, төрт су электр стансасынан және бірқатар құбырлар мен су төгетін құбырлардан тұратын үш сатылы сорғылы су электр жүйесіндегі негізгі резервуар ретінде қызмет етеді. Кешен Verbund энергетикалық компаниясына тиесілі және «Мальта-Райзек электр станциялары тобы» деп аталады. Топтың орнатылған қуаты 1028,5 МВт, ал жылдық өнімі 1216 гигаватт-сағат (4380 ТДж) құрайды.

Бөгет биіктігі 656 фут (200 м), іргетастағы ені 121,4 фут (37 м), жотаның ұзындығы 2054 фут (626 м), қойма сыйымдылығы 162,000 акр-фут.

Галерея

Дереккөздер

Санат:Аустрия бөгеттері