Мишар шайқасы () — Бірінші серб көтерілісі кезінде серб көтерілісшілері мен Осман әскерінің арасында болған әскери қақтығыс. Шайқас 1806 жылғы 13–15 тамыз аралығында қазіргі Сербия аумағындағы Мишар ауылы маңында өтті.

Барысы Иванковац түбінде Осман әскерлерін тойтарғаннан кейін Қарагеоргий бастаған серб көтерілісшілері Белградты басып алды. Түрік әскері қаланы қайтарып алу үшін қалаға қарай бет алды. Көтерілісшілердің көсемі басқа қолбасшылармен бірге Шабацқа келіп, онда түрік әскеріне қарсы шайқас беру туралы шешім қабылданды.

Ұрыс қимылдарын түрік тарапы бастады, бекініске сипахтар шабуылдады, олардың артынан Мехмед-бек Куленович басқарған жаяу әскер ілесті. Сербтер жауға оқ жаудырып, салт аттыларды шегінуге мәжбүр етті. Түрік жаяу әскері қайта топтасып, серб позицияларына мылтықтан оқ атты. Сербтар сескеніп, бекіністің ішкі бөліміне шегінді. Бірақ Қарагеоргий сарбаздарды қайтадан позицияларға оралтуға қол жеткізді. Осы уақытта сербтер алдын ала Жабар ауылында жасырынған өздерінің атты әскеріне белгі берді. Лука Лазаревич, Лазар Мутап және Матей Ненадович басқарған серб атты әскерлерінің отрядтары бұйрық бойынша қарсыластың қатарларын жарды да, оны қаша-құта таратты.Богдан Секендек. Мишарская битва

Мехмед-бек Куленович әскерлерді қайта тәртіпке келтіруге тырысты, бірақ шайқас үстінде қаза тапты. Осы кезде екіге бөлінген серб кавалериясы жау артиллериясын жойып, Сүлеймен-паша Скопляктың штабына дейін жетті.

Түрік әскерінің қалған бөлігі ұрыс алаңынан қаша бастады; олардың бір бөлігі Дрина өзенінен өтіп кетті, ал екінші бөлігі Сава өзенінің арғы жағына шегінді.

Нәтижелері 200px|thumb|left|Мишар шайқасына арналған ескерткіш Мишар мен Делиградтағы шайқастарда Осман әскері жеңіліс тапқан соң, Осман билігі серб көтерілісшілерімен келіссөздер жүргізуге мәжбүр болды. Бұл келіссөздер Ресей империясы мен Австрия империясының арағайындығымен өтті. Жасалған келісім нәтижесінде көтеріліске қатысушыларға кешірім беріліп, Сербия автономиясын бекіту және Сербия кінәзі атағын мойындау туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, сербтер жыл сайын салық ретінде 722 500 алтын монета төлеуге міндеттелді.Миличевич-Поменик, Николич — Повстанческое движение в Дрини 1804—1813

Естелік 1906 жылғы 8 қыркүйекте Сербия билігі Мишар түбіндегі шайқасқа арналған ескерткіш орнатты.

Дереккөздер

Сілтемелер Јован Мишковић: Српска војска и војевање за време устанка од 1804–1815. године, Глас СА 1895. XLVII К. Протић: Ратни догађаји из Првог устанка под Карађорђем Петровићем 1804–1813, Годишњица Николе Чупића. 1893 С. Чиркович. — Еуропа халықтары арасындағы сербтер. Белград, Equilibrium, 2004.

Санат:Сербия шайқастары Санат:Сербия тарихы Санат:Осман империясының шайқастары Санат:Бірінші Серб көтерілісі