Нина Васильевна Рыболовлева (16 ақпан 1948, Орловка ауылы, Бородулиха ауданы, Шығыс Қазақстан облысы, Қазақ КСР) — қазақстандық мемлекет қайраткері, Семей қаласының бұрынғы әкімі.

Өмірбаяны 1966 жылы Семей педагогикалық училищесін, ал 1972 жылы Н. К. Крупская Семей педагогикалық институтын бітірді.

Еңбек жолын орта мектепте тарих және география пәнінің мұғалімі болып бастады.

1969 жылдың тамыз айынан 1970 жылдың қаңтар айына дейін «Бақытты балалық шақ» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс істеді.

1970-1971 жылдары ет комбинаты комсомол комитетінің БЛКЖО мүшелігін есепке алу бөлімі меңгерушісі болды. 1971 ж. желтоқсан — 1973 ж. мамыр — Калинина атындағы ет-консерві комбинаты комсомол комитетінің хатшысы. 1973 жылдың мамыры — 1976 жылдың тамызы — Қазақстан ЛКЖО Семей қалалық комитетінің бірінші хатшысы қызметі атқарды.

1984-1985 жылдары Семей қаласы Ленин аудандық атқару комитеті төрағасының міндетін атқарушы болды.

1994 жылдың желтоқсанынан 1995 жылдың тамызына дейін — әлеуметтік қамсыздандыру департаменті меңгерушісі болып жұмыс істеді.

1995 жылы тамызда Семей қаласының 3-әкімі лауазымында еңбек етті.

Одан кейін бір жыл Семей қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 1997 жылдың қыркүйегінен 1998 жылдың қазан айына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы басшысы болды.

1998 жылдың қазанынан 2001 жылдың қарашасына дейін — қала әкімінің орынбасары.

2002 жылдан бастап 2005 жылға дейін — Семей қаласындағы «Семавтопарк» ЖШС қаржылық директоры болды.

Дереккөздер

Санат:Бородулиха ауданында туғандар Санат:Семей педагогикалық институтының түлектері