Ыбырай Атамбеков (1881, Аманкелді ауд., Иманов с-з,–1969) — 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына қатысушы. Торғай қаласына шабуылда (6.11.1916), Батпаққараға аттанған ақ гвардияшылардың жазалаушы отрядына қарсы күресте, одан кейін Құмкешу, Доғал шайқастарына ерлік көрсетті. Торғай обл. Советтерінің Орынборда өткен 1-съезіне делегат болды. Ыбырай ұзақ жылдар бойы совет және атқарушы шаруашылық органдарында жауапты қызметтер атқарды.Қазақ совет энциклопедиясы, 12 том, 346 б.

Дереккөздер