Альфонс Джеймс де Ротшильд, барон (; 1 ақпан 1827 – 26 мамыр 1905) — француз қаржыгері, жүзімдік иесі, меценат, Ротшильд әулетінің француз тармағының өкілі.
Өмірбаяны 1827 жылғы 1 ақпанда Париж қаласында дүниеге келген.
Әкелері Джеймс Майер Ротшильд 1868 жылы қайтыс болардан үш ай бұрын, Альфонс пен оның ағасы Гюстав әкелерін Шато Лафит жүзімдігін сатып алуға көндірді. Әкесі қайтыс болғаннан кейін, Альфонс пен Гюстав бұл жүзімдікті мұраға алып, ол Шато Лафит-Ротшильд деп атала бастады. Бүгінгі күнге дейін бұл жүзімдік Ротшильд әулетінің иелігінде қалып отыр.
1869 жылдан бастап Францияның Орталық консисториясының президенті болды.Ротшильд, семья — Электронная еврейская энциклопедия
1905 жылғы 26 мамырда қайтыс болды.
Отбасы Жұбайы — Леонора де Ротшильд (1837–1911). 1857 жылы некеге тұрған. Балалары: Беттина Каролина (1858–1892) Лайонель Джеймс Майер (1861–1861) Шарлота Беатриче (1864–1934) Эдуард Альфонс Джеймс (1868–1949)
Қызықты дерек Альфонс де Ротшильд саяси көзқарасы бойынша бастапқыда берік орлеанист болған. Алайда оның жақын досы Леон Сэй оны Тьер үкіметін қолдауға, кейіннен Республика жағына шығуға көндірген. Өмір бойы Альфонс де Ротшильд өнер туындыларының аса ірі коллекциясын жинады, әсіресе нидерланд шеберлерінің еңбектерін құмарта коллекциялады. 1885 жылы ол Францияның Бейнелеу өнері академиясының мүшесі болып сайланды.
Марапаттары Құрмет легионы орденінің кавалері.
Дереккөздер
Сілтемелер Барон Альфонс Джеймс де Ротшильд Ротшильд Альфонс Джеймс Майер Барон Альфонс Ротшильд Ротшильдтердің Бакудегі бұрынғы кеңсесі
Санат:Франция банкирлері Санат:Ротшильд әулеті