2026 Қысқы Олимпиада ойындары (, , , ресми атауы — XXV қысқы Олимпиада ойындары) — 2026 жылдың 6-22 ақпан аралығында Италияның Венето және Ломбардия аймақтарында өткен халықаралық көпспорттық іс-шара.

2019 жылғы 24 маусымда Лозанна (Швейцария) қаласында өткен Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 134-ші сессиясында XXV қысқы Олимпиада ойындарының Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетіні ресми түрде жарияланды.Ұйымдастырушылар тұрақты даму қағидасын басты орынға қойып, жарыстардың 90 пайыздан астамын қолданыстағы дайын ареналарда немесе уақытша нысандарда өткізуді ұйғарды.

2026 жылғы Олимпиада ойындары Италияда өтетін төртінші, ал Миландағы алғашқы ойындар болмақ (бұған дейін Кортина-д’Ампеццо 1956 жылғы қысқы Олимпиаданы қабылдаған). Бұл екі қала ресми түрде бірлесіп өткізетін тарихтағы тұңғыш Олимпиада, сондай-ақ 1984 жылғы Сараеводағы ойындардан кейін ашылу және жабылу салтанаттары әртүрлі жерде өтетін алғашқы қысқы ойындар ретінде тіркеледі. Сонымен қатар Олимпиада ойындарының аясында тұңғыш рет ски-альпинизмнен жарыстар өткізілді.

Ұйымдастырушы 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге бастапқыда қызығушылық танытқан бірнеше ҰОК, соның ішінде Швейцария (Сьон), Аустрия (Грац), Жапония (Саппоро) және Калгари (Канада) кандидатураларын қайтарып алғаннан кейін, күресте тек екі өтінім қалды: Швеция (Стокгольм—Оре) және Италия (Милан—Кортина-д’Ампеццо). Спорттық нысандардың сипаттамасы, даму жоспарлары және қаржылық шығындар көрсетілген құжаттар егжей-тегжейлі зерттелді. Кейіннен ХОК-тың бағалау комиссиясының өкілдері Швецияға (2019 жылғы 12–16 наурыз аралығында) және Италияға (2019 жылғы 2–6 сәуір аралығында) барып, екі өтінімнің де техникалық дайындығы мен қоғамдық қолдауын бағалады.

Милан мен Кортина-д’Ампеццо 2019 жылғы 24 маусымда Лозаннада (Швейцария) өткен ХОК-тың 134-ші сессиясында қожайын қалалар ретінде таңдалды.

+ Дауыс беру нәтижелері Үміткер қала Мемлекет Дауыс саны Милан — Кортина-д’Ампеццо 47 Стокгольм — Оре 34

Спорт нысандары

Кёрлингті есептемегенде, мұздағы жарыстардың көпшілігі Милан кластерінде өтеді, ал шана спорты мен қардағы спорт түрлерінен жарыстар Кортина-д’Ампеццо, Вальтеллина және Валь-ди-Фьемме кластерлерінде ұйымдастырылады. Миланның Санта-Джулия ауданында Дэвид Чипперфилд жобалаған 16 мың орындық жаңа көпфункционалды арена салынды, онда хоккей матчтары өтеді. Ашылу салтанаты Миландағы «Сан-Сиро» стадионында, ал жабылу салтанаты Веронадағы тарихи «Арена ди Верона» амфитеатрында өтеді.

Милан кластері «Милано-Сан-Сиро» стадионы — ашылу салтанаты (сыйымдылығы — 77 000 көрермен); «Милано-Санта-Джулия» хоккей аренасы (Санта-Джулия) — шайбалы хоккей (14 000 көрермен); «Милано-Айс-Скейтинг» аренасы (Ассаго) — мәнерлеп сырғанау, шорт-трек (10 000 көрермен); «Милано-Ро» хоккей аренасы — шайбалы хоккей (12 000 көрермен); «Милано-Спид-Скейтинг» стадионы — конькимен жүгіру (6 000 көрермен); Пьяцца-дель-Дуомо — медальдарды тапсыру және тікелей трансляциялар алаңы.

Кортина-д’Ампеццо кластері «Антерсельва» биатлон аренасы — биатлон (19 000 көрермен); Кортина Олимпиадалық кёрлинг стадионы — кёрлинг (3 500 көрермен); «Тофане» тау шаңғысы орталығы — тау шаңғысы (1 000 көрермен); Кортина шана-бобслей орталығы — бобслей, шана спорты, скелетон.

Вальтеллина кластері Ливиньо сноу-паркі — сноубординг, фристайл; Ливиньо акробатика және могул паркі — фристайл, шаңғы жарысы (3 000 көрермен); «Стельвио» шаңғы орталығы (Бормио) — тау шаңғысы, ски-альпинизм (тиісінше 7 000 және 4 000 көрермен).

Валь-ди-Фьемме кластері «Предаццо» шаңғымен секіру стадионы (Предаццо) — шаңғымен тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы; «Тезеро» шаңғы жарысы стадионы (Тезеро) — шаңғы жарысы, шаңғы қоссайысы.

Верона «Верона Олимпиадалық аренасы» — жабылу салтанаты (12 000 көрермен).

Бобслей, шана спорты және скелетон жарыстары Италиядан тыс жерде өтуі мүмкін еді. Италия ұлттық олимпиадалық комитетінің президенті Джованни Малагоның айтуынша, ел үкіметі бастапқыда Кортина-д’Ампеццодағы трассаны реконструкциялауға инвестиция салмайтын болып шешкен. Алайда Италияның саяси билігі оқиғаның бұлай өрбігеніне наразылық білдірді. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) Эудженио Монти трассасын қайта жөндеуге үзілді-кесілді қарсы шығып, ұйымдастырушыларға шетелдегі дайын тректі таңдау үшін қысым көрсетті. Бірақ ұзаққа созылған даудан кейін Италия үкіметі жарысты Кортина-д’Ампеццода өткізу туралы шешімді қорғап қалды және рекордтық қысқа мерзімде реконструкция жасауға келіскен мердігерді тапты.

Спорт түрлері

17px Тау шаңғы спорты (10) 17px Биатлон (11) 17px Бобслей (4) 17px Шаңғы жарысы (12) 17px Кёрлинг (3) 17px Мәнерлеп сырғанау (5) 17px Фристайл (15) 17px Шайбалы хоккей (2) 17px Шана спорты (5) 17px Шаңғы қоссайысы (3) 17px Шорт-трек (9) 17px Скелетон (3) 17px Шаңғымен трамплиннен секіру (6) 17px Ски-альпинизм (3) 17px Сноубординг (11) 17px Конькимен жүгіру (14)

Ойындарға қатысатын Ұлттық Олимпиада комитеттері Қатысушы Ұлттық Олимпиада комитеттері (4) (7) (8) (5) (53) (115) (2) (30) (1) (1) (5) (14) (20) (207) (4) (125) (8) (1) (14) (2) (115) (39) (1) (1) (32) (103) (160) (8) (185) (53) (5) (1) (2) (4) (15) (4) (2) (20) (4) (4) (9) (196) (қожайын) (6) (120) (36) (2) (2) (2) (67) (2) (7) (17) (2) (2) (1) (1) (5) (5) (1) (3) (2) (2) (39) (17) (1) (4) (80) (1) (2) (59) (3) (1) (28) (1) (2) (3) (1) (53) (37) (5) (71) (20) (110) (175) (3) (6) (8) (46) (2) (232) (1) (2) (1) 2022 жылғы ойындарға қатыспаған, бірақ 2026 жылы қатысуы күтілетін елдер. 2022 жылғы ойындарға қатысқан, бірақ 2026 жылы қатыспайтын елдер.

Күнтізбе  АӨ Ашылу салтанаты ●   Іріктеу жарыстары №   Финалдық жарыстар ЖС  Жабылу салтанаты + 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының күнтізбесіАқпан 4Сәр 5Бей 6Жұм 7Сен 8Жек 9Дүй 10Сей 11Сәр 12Бей 13Жұм 14Сен 15Жек 16Дүй 17Сей 18Сәр 19Бей 20Жұм 21Сен 22ЖекМедальдар20px Салтанатты шаралар АӨ ЖС 17px|Биатлон Биатлон 1 11112111111 17px|Бобслей Бобслей●11●114 17px|Тау шаңғысы спорты Тау шаңғысы спорты111111 111 1    10 17px|Кёрлинг Кёрлинг●●●●●●1●●●●●●●●●●11 3 17px|Конькимен жүгіру Конькимен жүгіру111 11111 2112  14 17px|Шаңғы қоссайысы Шаңғы қоссайысы111 3 17px|Шаңғы жарысы Шаңғы жарысы1121111211 12 17px|Трамплиннен секіру Трамплиннен секіру1 11 111 6 17px|Шана спорты Шана спорты●1●121 5 17px|Скелетон Скелетон ●111 3 17px|Шаңғы альпинизмі Шаңғы альпинизмі   21 3 17px|Сноубординг Сноубординг●121 ●22 1●1111 17px|Мәнерлеп сырғанау Мәнерлеп сырғанау●●1●●1 1 ●1●1    5 17px|Фристайл Фристайл ● 11111111112315 17px|Шайбалы хоккей Шайбалы хоккей●●●●●●●●●●●●●●1●●1 2 17px|Шорт-трек Шорт-трек  1 2 1 122 9 Күнделікті медальдар саны 5 8 5 9 8 9 7 8 9 6 7 8 7 6 10 4116Жалпы медальдар саны 5 13 18 27 35 44 51 59 68 74 81 89 96 102 112 116

Бейресми медальдар есебі Медальдар есебінің кестесі Италиядағы ойындардың сайтында жарияланған Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) деректеріне негізделген. Тізім Ұлттық олимпиада комитеттері (ҰОК) қатысушылары жеңіп алған жоғары дәрежелі («алтын») медальдардың саны бойынша сұрыпталған. Одан кейін орта («күміс») және төменгі («қола») дәрежелі медальдардың саны көрсетіледі. Егер ҰОК-тердің жалпы қорытындысында медальдар саны тең болса, онда елдер әліпбилік тәртіппен сұрыпталады.

Әр санаттағы ең жоғары көрсеткіштер жуан қаріппен белгіленген; сондай-ақ ойындарды өткізуші ел де ерекшеленген. x25px 2026 қысқы Олимпиада ойындарының нәтижелері Барлығы Орын Мемлекет Алтын Күміс Қола 1 18 12 11 41 2 12 12 9 33 3 10 7 3 20 4 10 6 14 30 5 8 10 8 26 6 8 9 6 23 7 8 6 4 18 8 6 9 8 23 9 5 8 5 18 10 5 7 12 24 11 5 7 9 21 12 5 4 6 15 13 3 4 3 10 14 3 2 1 6 15 3 1 1 5 16 2 2 1 5 17 2 1 1 4 18 1 0 2 3 19 1 0 0 1 1 0 0 1 21 0 3 1 4 22 0 2 1 3 23 0 1 5 6 24 0 1 1 2 25 0 1 0 1 0 1 0 1 0 1 0 1 — 0 1 0 1 28 0 0 2 2 29 0 0 1 1 Барлығы 116 118 115 349 Ескертпелер

Дереккөздер

Санат:2026 жылғы спорт Санат:2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары Санат:Жылдар бойынша қысқы Олимпиада ойындары Санат:Италиядағы спорт