​БНИТО () — 1883 жылы Франциядағы Ротшильдтер банктік әулетінің өкілі Альфонс Ротшильд негізін қалаған ресейлік мұнай компаниясы. Компанияны 1911 жылы Shell корпорациясы сатып алды.

​Тарихы ​1883 жылы швед кәсіпкері Роберт Нобель француздық Ротшильдтерге Бакуден Қара теңізге дейінгі теміржол желісінің құрылысын қаржыландыру туралы ұсыныс тастады. Альфонс Ротшильд бұл операцияны қамтамасыз етіп, есесіне аймақтағы мұнай өндіру құқығына ие болды. Ресей мұнайының экспорты АҚШ-тан келетін мұнайға қарағанда бәсекеге қабілетті болатынын түсінген Ротшильдтер БНИТО-ны сатып алып, оны Société Commerciale et Industrielle de Naphte Caspienne et de la mer Noire (Каспий-Қара теңіз мұнай компаниясы) деп өзгертті. Ресей мұнай нарығын монополияландыру мақсатында Ротшильдтер мен Deutsche Bank өзге де ресейлік мұнай кәсіпорындарын сатып алды. Бұл компания мұнайды ағаш бөшкелер мен темір бидондардың орнына алғаш рет цистерналармен тасымалдай бастады.

​Ғасырлар тоғысында Каспий-Қара теңіз мұнай компаниясы халықаралық экспорт нарығында Standard Oil компаниясымен бәсекелесе бастады.

​1912 жылғы компания Royal Dutch Shell меншігіне өтті. Нәтижесінде Ротшильдтер аталған корпорацияның акционерлеріне айналды.

Дереккөздер

Санат:1883 жылы құрылған компаниялар Санат:1912 жылы жабылған компаниялар Санат:Ресей империясының мұнай компаниялары