Flutter1. Елепбергенова А.У., Шалтабаев А.А.  Білім беруде мобильді технологияларды қолдану: монография/ Елепбергенова А.У., Шалтабаев А.А.  – Талдықорған: І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті, 2023. – 112 б. — Google компаниясы жасаған ашық бастапқы кодты пайдаланушы интерфейсі (UI) фреймворкі, ол мобильді, веб платформаларында қолданбалар интерфейстерін құруға арналған. Бұл фреймворк Dart бағдарламалау тілінде жазылған, оның көмегімен бір код базасынан түрлі платформалар үшін қосымшалар жасау мүмкіндігі бар.

Алғаш рет Flutter 2017 жылы таныстырылып, бүгінгі таңда әлем бойынша кеңінен қолданысқа ие болуда. Flutter негіздері оның архитектурасы мен компоненттерінен тұрады. Фреймворк виджеттер жүйесіне негізделген, яғни интерфейс элементтері (батырмалар, мәтіндер, суреттер және т.б.) виджеттер арқылы құрылып, жинақталып, күрделі интерфейстерді қалыптастырады.

Flutter ерекшелігі — виджеттердің құрамдас бөлігі ретінде визуалды компоненттерді, сонымен қатар логика мен анимацияларды да қоса алатындығында.

Flutter — заманауи технология, мобильді, веб және жұмыс үстелі қосымшаларын әзірлеуде үлкен мүмкіндіктер ұсынады.

Әр түрлі платформаларға арналған қосымшалар бір кодпен жазылатыны Flutter фреймворкімен жұмыс істеудің ерекшелігі болып табылады. Пайдаланылған платформалар эквивалентті емес болғандықтан, кодтың кейбір жеке бөліктерін белгілі бір операциялық жүйеге, мысалы, iOS-қа бейімдеу керек, бірақ оған қарамастан кодтың көп бөлігі сәйкес келеді. Бұл әзірлеушілерге барлық қолдау көрсетілетін платформалар үшін қосымшалар құруға кететін уақыт пен ресурстарды айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік береді.

Flutter фреймворкімен жұмыс істеуде Dart бағдарламалау тілі өңдеу тілі ретінде қолданылады. Қосымша құру кезінде Flutter Dart AoT (қосымшаны іске қоспас бұрын құрастыру) арқылы Android немесе iOS немесе басқа платформада іске қосуға болатын DART кодын қолданбаның жергілікті кодына жібереді. Бірақ, қосымшаны әзірлеу кезінде оны тездету үшін Flutter JIT (қосымшаны іске қосу кезінде құрастыру) қолданылады.

Архитектурасы Оның екі негізгі компоненті бар:

Flutter Engine: Бұл компонент C++ тілінде жазылған және графика, анимация, текстура және деректерді өңдеу сияқты төменгі деңгейдегі функцияларды қамтамасыз етеді.

Foundation Library: Dart тілінде жазылған, бұл кітапхана виджеттерді, анимацияларды, жағдайды басқаруды және желілік байланыс сияқты жоғары деңгейдегі функцияларды қамтамасыз етеді.

Артықшылықтары Flutter фреймворкінің көптеген артықшылықтары бар, олар:

Бір код базасы: Flutter фреймворкімен жазылған қосымшаларды Android, iOS, веб және жұмыс үстелі платформаларында пайдалануға болады. Бұл әзірлеушілердің уақытын үнемдейді.

Жоғары өнімділік: Flutter өз графикалық қозғалтқышын пайдалана отырып, жылдамдық пен өнімділікті қамтамасыз етеді. Операциялар тікелей графикалық процессорға жіберіледі, бұл анимациялардың және интерфейстің жедел реакциясын қамтамасыз етеді.

Интуитивті интерфейс: Flutter виджеттер жүйесі интерфейс жасау процесін жеңілдетеді. Пайдаланушылар интерфейс элементтерін оңай өзгертіп, кастомизациялауға мүмкіндік алады.

Дамыған экожүйе: Flutter көптеген кітапханалар мен плагиндермен қамтылған, бұл әзірлеушілерге түрлі функционалдылықтарды қосуға мүмкіндік береді.

Кросс-платформалық даму: Flutter көмегімен әртүрлі платформаларда бірдей тәжірибені қамтамасыз ететін қосымшаларды жасауға болады. Flutter фреймворкін қолдану мүмкіндіктері өте кең. Оны келесі салаларда пайдалануға болады:

Мобильді қосымшалар: Android және iOS платформалары үшін қосымшалар жасау.

Веб-қосымшалар: Flutter фреймворкінің веб нұсқасы, HTML, CSS және JavaScript-ке негізделген.

Жұмыс үстелі қосымшалары: Windows, macOS және Linux үшін кросс-платформалық қосымшалар.

IoT (интернет заттары): Flutter интерфейстерін IoT құрылғыларымен интеграциялауға болады.

Flutter экожүйесі көптеген құралдар мен ресурстарды қамтиды, оларды атап өтсек:

Flutter SDK: Flutter фреймворкімен жұмыс істеу үшін қажетті барлық құралдарды қамтитын бағдарламалық жасақтама пакеті.

Dart:Баккет К. Dart в действии. Издательство "ДМК Пресс", 2013, - 528 стр Flutter фреймворкінің негізінде жатқан бағдарламалау тілі, ол синтаксисі жағынан қарапайым және үйренуге оңай.

Flutter DevTools: Flutter және Dart қолданбаларын әзірлеу кезінде қолданылатын графикалық құралдар жиынтығы. Ол әзірлеушілерге қолданбаның жұмысын бақылауға, ақауларды анықтауға, өнімділікті талдауға және UI құрылымын зерттеуге көмектеседі.

Hot Reload: Кодты өзгерткеннен кейін қосымшаны қайта іске қоспай-ақ, интерфейстегі өзгерістерді бірден көруге мүмкіндік беретін функция. Кітапханалар мен плагиндер: Flutter экожүйесі көптеген кітапханалар мен плагиндерді ұсынады, олар функционалдылықты арттыруға көмектеседі.

Тарихы Фреймворктің прототипі 2015 жылы пайда болғанымен, алғашқы альфа нұсқасы 2017 жылдың мамырында шыққан, бірақ алғашқы тұрақты шығарылымы - Flutter 1.0 тек 2018 жылдың желтоқсанында жарық көрді. Фреймворктің үнемі жаңа нұсқалары шығып отырады.

Дереккөздер