Сара Бариқызы Қоянбекова — филология ғылымының докторы (2008), доцент (2002).

Өмірбаяны, еңбек жолы 1963 жылы 2 қаңтарда қазіргі Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Қоңырөлең ауылында туған.

ҚазМУ-ды (1988, қазіргі Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Жетісу мемлекеттік университетінде (1988-91), Қазақ мемелекеттік қыздар педагогикалық университетінде (1991-95) оқытушылық қызметтер атқарған. 1995 жылдан ҚР ҰҚК академиясында мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы, 2002 жылы доцент, кафедра бастығының орынбасары, мемлекеттік тіл бөлімінің бастығы, профессор лауазымдарында қызмет атқарды. 2021 жылдан Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының қауымдастырылған профессоры.Қоянбекова Сара Бариқызы.

Ғылыми бағыты, еңбектері Негізгі ғылыми бағыты – қазақ тілі білімі. "Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері" тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 150-ден астам ғылыми жарияланымның авторы.Қ 18 Қазақстан ғалымдары. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2013.2-том. – 616 бет. ISBN 978-601-7472-16-0.

Дереккөздер

Санат:Қазақстан ғалымдары Санат:Филология ғылымдарының докторлары Санат:Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті түлектері