Черкассы Халықаралық әуежайы () — Украинаның Черкассы облысында орналасқан халықаралық әуежай. Әуежай облыс орталығы Черкассы қаласына тиесілі. Бұл әуежай 20 ғасырдың соңындағы тоқырау кезінде жұмысын тоқтатып, 12 жыл пайдаланылмай қалып. 2009 жылы қайта ашылды. Тарихы 1950-жылдары бұл әуежай Умань, Киев және Жашков бағыттарына тұрақты рейстер қабылдап отырған. Жолаушылар тасымалы Антонов Ан-2 және Антонов Ан-12 ұшақтары арқылы жүзеге асқан.
Әуежайдың бастапқы инфрақұрылымы қарапайым болған: топырақтан жасалған ұшу-қону жолағы, шағын терминал және метеобақылау мұнарасы болған.
1980-жылдары әуежай тәулігіне 80 рейске дейін қабылдай алатын деңгейге жеткен және ауыр ұшақтарды да қондыра алған.
1991–2000 жылдары әуежай жеке компанияның басқаруында болған, кейін 2002 жылы қалаға қайтарылған. 1992 жылдан кейін рейстер күрт азайып, қызметкерлер қысқартылған..
1997 жылы рейстер тоқтап, 2001 жылы әуежай жабылған.
2007 жылы сертификат алып қайта ашылған.
2009 жылы халықаралық мәртебе берілген.
2011 жылы әуежай толық жұмыс істемей қалған.
2016 жылдан бастап қайта жаңғырту жұмыстары басталған.
2021 жылы әуежай қайта сертификат алып, жұмысын жандандыруға мүмкіндік алған. Дереккөздер
Санат: Халықаралық әуежайлар