Серік Мамайұлы Мамырбаев (21 қаңтар 1932 жыл – 6 мамыр 2023 жыл) — Тыл ардагері, Байзақ ауданының «Құрметті азаматы».
Өмірбаяны Серік Мамырбаев 1932 жылы 21 қаңтар күні Байзақ ауданының Құрама ауылында дүниеге келген. 1951 жылы В.И. Ленин атындағы жетіжылдық мектепте аға пионер вожатый болған. Өз өмірін педагогтық қызметке арнауға бекініп 1953 жылы Шымкент педагогикалық институтына түсіп, жақсы бітіріп шығады.
Еңбек жолы Алғаш Жамбыл орта мектебіне тәрбиеші болып орналасып, 1958 жылдан 1961 жылға дейін Чапаев атындағы мектептің оқу ісінің меңгерушісі, 1961 жылдан бастап Ақжар орта мектебінде мұғалім, 1963 жылы директордың орынбасары болып істеді. Соңғы 40 жылы Түймекент орта мектебінде өткен. Мектептегі оқушылардың өндірістік бригадасын 13 жыл басқарып, үздік шыққандары үшін төрт рет Мәскеудегі халық шаруашылығы жетістіктері көрмесіне қатысып, ол басқарған оқушылардың өндірістік бригадасы республикада екінші орынды иеленіп, «МТЗ-80» тракторын сыйлық ретінде алған. Серік Мамайұлы 2 жыл алғаш құрылған аудандық “Қазақ тілі” қоғамын басқарса, 10 жыл аудандық оқу бөлімінде қазақ тілі және әдебиет пәні бірлестігінің жетекшісі болған. Аудандық білім бөлімінің, «Нұр Отан» партиясының және аудан әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Алматы, Қызылорда, Шымкент қалаларында өткен республикалық семинарларға қатысып, “Төл сөздің тыныс белгілері” тақырыбында панаромалық сабақ өткізген. 2003 жылы “Төл туындылар” деген кітабы жарық көрді.
Отбасы 1957 жылы Манат Мамырбаевамен отбасын құрайды. Серік ағаның үйіндегі Манат жеңгей он бес құрсақ көтерген ана. Манат Мамырбаева зейнет демалысына шыққанға дейін мектеп кітапханасында еңбек еткен. Сондықтан да олар, ұл-қыздарына сапалы білім, саналы тәрбие бере отырып, өз жолдарын тауып қалыптасуларына көп көмек көрсетті. Орынкүл аудандық ауруханада емдеу бөлімінің меңгерушісі болып абыройлы еңбек еткен. Гүлнары - аудандық емханада статистика қызметінің басшысы, Есболаты - ”Фудмастер” компаниясында инженер болса, Шымболаты - Қызылорда қаласында жарық көретін “Готовая ипотека” газетінде жауапты қызметкер. Бекболаты - кәсіпкер, Ерболаты - Жамбыл-Жылу мекемесінде жұмыс жасайды. Нұрболаты-Байзақ аудандық білім бөлімінің басшысы, Жанболат, Гауһар, Жаухар, Гүлмайра, Гүлмира, Жанар, Қарлығаштар әке жолын қуған ұлағатты ұстаздар. Ал кенжесі Ақболат әскери бөлімде қызмет еткен. Қазіргі таңда С.Сейфуллин орта мектебінде бастапқы даярлық пәнінен дәріс береді.
Марапаттары 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы “Жеңіске 60 жыл”, “Тың игерудің 10 жылдығына” арналған төсбелгілерімен, ”Еңбек ардагері” медалімен марапатталған. 2011 жылы Байзақ ауданының Құрметті азаматы атанды. “Жамбыл облыстық ардагер ұйымына 30 жыл”, “Байзақ ауданына 80 жыл” мерекелік медальдарының иегері. 1970 жылы Қазақ КСР Оқу министрлігі “Халық ағарту ісінің озық үздігі”, 1984 жылы “Ата мұғалім” атағы берілген. 1985 жылы 4 сәуірде "Еңбек ардагері" медалімен марапатталған. "Ұлы Жеңіске 60 және 65 жыл" мерекелік медальдармен марапатталған.
Дереккөздер
Санат:Тыл ардагерлері